Ст. 19 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
19-бап. Қаржылық есептiлiктi табыс ету
1. Ұйымдар: 1) құрылтай құжаттарына сәйкес құрылтайшыларға (қатысушыларға);
2) мемлекеттік тіркеу орны бойынша мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына олардың құзыреттерiне сәйкес;
4) тізбені, нысандарды және мерзімдерді қоса алғанда, негізгі ұйым айқындайтын тәртіппен өздері еншілес болып табылатын өзінің негізгі ұйымына қаржылық есептілікті ұсынады.
2. Қаржылық есептiлiк Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiлiп ұсынылады.
3. Осы баптың 3-1-тармағының талаптары қолданылатын ұйымдарды қоспағанда, ұйымдар жылдық қаржылық есептердi келесі жылдан кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей ұсынады.
3-1. Қаржы ұйымдары (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.
4. 18-бапта көрсетiлген мерзiм шегiнде құрылтайшылар (қатысушылар) аралық қаржылық есептiлiктi ұсыну мерзiмiн айқындауға және жылына бiр реттен сирек болмайтын өзге кезеңдiлiктi белгiлеуге құқылы.
4-1. Шоғырландырылған қаржылық есептілікке кіретін деректердің айқындығы мен анықтығын қамтамасыз ету үшін негізгі ұйым еншілес ұйымдардың бірыңғай есеп саясатын қолдануы, еншілес ұйымдардың мүлкін түгендеу тәртібін және еншілес ұйымдардың қаржылық есептілігі деректерінің айқындығы мен анықтығына байланысты басқа да мәселелерді айқындауға құқылы.
5. Шоғырландырылған қаржылық есептілікті ұсыну осы баптың 1, 2, 3, 3-1 және 4-1-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
6. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен жария мүдделі ұйымдар үшiн депозитарий құрылады, бұл ұйымдар осы депозитарийге уәкілетті орган айқындаған тәртiппен қаржылық есептiлiктi тапсыруға мiндеттi.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей