Ст. 21 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234
Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
21-бап. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн мемлекеттiк емес реттеу
1. Консультациялық орган консультациялық-кеңесшi орган нысанында құрылады, оның құрамын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган бекiтедi және ол өзi туралы ереже негiзiнде жұмыс iстейдi. 2. Консультациялық органның құрамына мемлекеттiк органдардың, коммерциялық емес ұйымдардың, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, мемлекеттiк кәсiпорындардың өкiлдерi кiредi.
3. Консультациялық орган:
1) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасын жетiлдiру туралы ұсыныстар енгiзуге;
2) уәкiлеттi органға қаржылық есептiлiк стандарттарын қолдану жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды қайта қарау мен әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
3) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;
4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға құқылы.
4. Консультациялық орган:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында халықаралық стандарттар, шағын және орта бизнеске арналған халықаралық стандарт талаптарына қайшылықтардың бар-жоғына талдау жүргiзуге және уәкiлеттi органға тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
2) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға мiндеттi.
5. Кәсiби ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;
2) алып тасталды – ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы;
4) аккредиттеу ережелерiне сәйкестiк.
6. Кәсiби ұйымның құрылымы мен жұмыс органдары оның жарғысымен анықталады және аккредиттеу ережелерiне сәйкес болуға тиiс.
7. Кәсiби ұйымның басшысы төрт жылдан аспайтын мерзiмге сайланады және қатарынан екi мерзiмге қайта сайлана алмайды.
8. Кәсiби ұйым:
1) өз мүшелерiне қатысты өзiнiң жарғысында көзделген және осы Заңға қайшы келмейтiн функцияларды жүзеге асыруға;
2) ұлттық стандарттарды және олардың әдiстемелiк ұсынымдарын әзiрлеуге қатысуға;
3) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысуға;
4) бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы оң жұмыс тәжiрибесiн талдауға, жинақтауға және таратуға;
5) сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі материалдарды қарауға қатысуға құқылы.
9. Кәсiби ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтауға;
2) консультациялық органның құрамына аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мөлшерде кәсiби ұйымның мүшелерiн жiберуге және олардың толымды жұмысын қамтамасыз етуге;
3) уәкiлеттi органға белгiлеген тәртiппен оған өзiнiң қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
4) халықаралық және ұлттық стандарттарды қолдану жөнiндегi сауалдарды қарауға;
5) сертификаттау бойынша бір немесе бірнеше ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасуға;
6) өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтауын талап етуге;
7) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға өздерінің мүшелері болып табылатын, бухгалтерлік есеп саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлiк ұйымдар мен кәсіби бухгалтерлердің "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны туралы мәліметтерді хабарлауға міндетті.
10. Сертификаттау жөнiндегi ұйым:
1) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын сақтауға;
2) уәкiлеттi органға белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiлiктi ұсынуға;
3) бұзушылықтар мен кемшіліктерді толық жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес келетін емтихан модульдері бойынша емтихандар өткізуге міндетті.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.06.2014 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау шарттары
1. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөнiндегi ұйым жүзеге асырады.
2. Сертификаттау жөнiндегi ұйым кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификаттау бағдарламалары бойынша материалдар әзiрлеудi, шығаруды және таратуды жүзеге асырады, емтихан процесiн ұйымдастырады.
3. Сертификаттау жөнiндегi ұйым мынадай рұқсат беру талаптарына сай келуге тиiс:
1) оқытуға тәуелсiз емтихан жүйесiнiң болуы;
2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерiнiң, оларды жаңарту жүйесiнiң болуы;
3) бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл туралы келiсiмнiң болуы;
4) уәкілетті орган бекiткен аккредиттеу қағидаларына сәйкестiк.
Бiр немесе бiрнеше кәсiби ұйымдармен өзара iс-қимыл жөнiндегi келiсiмнiң болуы туралы талаптың сақталуы аккредиттеу туралы куәлiк берiлген кезден бастап алты ай өткеннен кейiн мiндеттi болып табылады.
4. Кәсiби бухгалтерге кандидаттарды сертификат алу үшiн емтихандарға қатысуға жiберу кәсiби бухгалтерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Емтихан тапсырған адамдар уәкiлеттi органмен келiсiлген нысан бойынша бiрыңғай үлгiдегi сертификат алады. Сертификаттың қолданылу мерзiмi шектелмеген.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың екінші бөлігін алып тастау көзделген - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын шетел институттары берген кәсiби бухгалтердiң бiлiктiлiк куәлiктерi сертификаттау жөнiндегi ұйым берген сертификатпен бiрдей танылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
23-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру
1. Уәкiлеттi орган мынадай жағдайларда, егер:
1) аккредиттеу ережелерiнде белгiленген мерзiм iшiнде кәсiби ұйым өз өкiлдерiн консультациялық органның құрамына жiбермесе;
2) соңғы үш жыл iшiнде жүйелi түрде (үш реттен көп) аккредиттеу ережесiн бұзса;
3) уәкiлеттi органға өзi және өзiнiң қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;
4) уәкiлеттi орган ескерту жасаған себептердi екi ай мерзiм iшiнде жоймаса немесе әкiмшiлiк жаза қолданылған болса, кәсiби ұйымды, сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiгiнен айыру туралы шешiм қабылдайды.
2. Кәсіби ұйым, сертификаттау жөніндегі ұйым уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте имеет ли заведующая дет. сада устанавливать камеру в метод кабинете без согласия методиста
В письменной форме должны совершаться сделки:
1) осуществляемые в процессе предпринимательской деятельности, кроме сделок, исполняемых при самом их совершении, если для отдельных видов сделок иное специально не предусмотрено законодательством или не вытекает из обычаев делового оборота;
2) на сумму свыше ста месячных расчетных показателей, за исключением сделок, исполняемых при самом их совершении;
3) в иных случаях, предусмотренных законодательством или соглашением сторон.
Каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет доказана в предусмотренном настоящим Кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Никто не обязан доказывать свою невиновность.
Неустранимые сомнения в виновности подозреваемого, обвиняемого, подсудимого толкуются в их пользу. В пользу подозреваемого, обвиняемого, подсудимого должны разрешаться и сомнения, возникающие при применении уголовного и уголовно-процессуального законов.
Обвинительный приговор не может быть основан на предположениях и должен быть подтвержден достаточной совокупностью допустимых и достоверных доказательств.
Граждане и юридические лица должны действовать при осуществлении принадлежащих им прав добросовестно, разумно и справедливо, соблюдая содержащиеся в законодательстве требования, нравственные принципы общества, а предприниматели также правила деловой этики.
Эта обязанность не может быть исключена или ограничена договором. Добросовестность, разумность и справедливость действий участников гражданских правоотношений предполагаются.
Лицо, выполнившее все условия процессуального соглашения, может быть освобождено от уголовной ответственности.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей