Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Төтенше жағдай туралы
15-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер

1. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде оның қолданылу кезеңiнде мынадай негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер: 

1) қоғамдық тәртiптiң сақталуын, аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлердiң, сондай-ақ халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiк қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң күзетілуін күшейту;  

2) төтенше жағдай енгiзiлген жерде жүрiп-тұру еркiндiгiн, оның iшiнде көлiк құралдары қозғалысының еркiндiгiн шектеу;  

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың жанындағы заттарын, көлiк құралдарын тексеру;  

4) төтенше жағдай енгiзiлген жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кiруге, сондай-ақ олардан шығуға шектеу белгiлеу;  

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ тууға, үйленуге, қайтыс болуға байланысты отбасылық салт-жораларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салу немесе оларды шектеу; 

6) ереуілдерге тыйым салу; 

6-1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, құқық қорғау органдарына және арнаулы мемлекеттік органдарға, сондай-ақ төтенше жағдайды енгізуге негіз болған мән-жайларды жою жөніндегі іс-шараларға тартылған басқа да мемлекеттік органдарға ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату; 

7) жарылғыш, радиоактивтi, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауiптi заттарды пайдаланатын заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру;  

8) егер төтенше мән-жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуының, ұрлануының немесе бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, оларды қауiпсiз аудандарға көшiру;  

9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде ол қолданылатын бүкiл кезең iшiнде сайлау және республикалық референдумдар өткiзуге тыйым салу; 

10) президенттік және үкіметтік байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру көзделеді. 

2. Төтенше жағдай енгізілген кезеңде және осыған байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайында елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес салық, бюджет, кеден, банк, еңбек заңнамасының, монополияға қарсы заңнаманың, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі, мемлекеттік сатып алу, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы, валюталық реттеу туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік салаларындағы, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері жөніндегі заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2020 № 330-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 334-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.06.2021 № 48-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...14‑1 14‑2 15 16 17 ...25

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться