Ст. 16 Төтенше жағдай туралы 2003 жылғы 8 ақпандағы N 387
Төтенше жағдай туралы
16-бап. Төтенше жағдай кезiнде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер
1. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
1) коменданттық сағат енгiзу;
1-1) аумақтық қорғаныс іс-шараларын жүргізу;
2) баспа басылымдарының мiндеттi даналары мен радио және телехабарларының материалдарын сұратып алу арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауды жүзеге асыру;
3) төтенше жағдайды енгiзуге негiз болған мән-жайларды жоюға кедергi келтiретiн саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтата тұру немесе тоқтату;
4) көшiру-көбейту техникасын, радио және телехабарларын беру аппаратурасын, дыбыс және бейнежазба техникасын пайдалануға шек қою немесе тыйым салу, сондай-ақ дыбыс күшейткiш техникалық құралдарды уақытша алып қою;
5) азық-түлiк пен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатудың, сатып алудың және бөлудiң ерекше тәртiбiн орнату;
6) тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және қаржылай қаражаттың бiрден бiрге өтуiн қоса алғанда, жеке және заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруына шек қою;
7) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға шек қою немесе тыйым салу, дәрi-дәрмектiң, есiрткi заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртiнiң, алкоголь өнiмдерiнiң айналымына ерекше режим белгiлеу;
8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәрiні, улы заттарды уақытша алып қою, ал мемлекеттік органдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға және құқық қорғау органдарына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағыныстыларды қоспағанда, заңды тұлғалардан қарумен, оқ-дәрiмен және улы заттармен қатар әскери және жауынгерлiк оқу техникасын да, жарылғыш және радиоактивтi заттарды да уақытша алып қою көзделедi.
Төтенше жағдай кезінде қолданылатын қосымша шаралар мен уақытша шектеулер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар орын алған кезде төтенше жағдай енгiзiлген ретте, төтенше жағдай енгiзiлген жерде мынадай қосымша шаралар мен уақытша шектеулер:
1) тұрғындарды оларға міндетті түрде уақытша тұрғын үй-жайлар бере отырып қауiпсiз аудандарға уақытша көшiру;
1-2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін күзетуді күшейту жөніндегі іс-шараларды өткізу;
2) карантин енгiзу, санитариялық-эпидемияға қарсы және iндетке қарсы iс-шараларды жүргiзу;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк материалдық резервтi пайдалану, заңды тұлғалардың ресурстарын тарту, олардың жұмыс режимiн өзгерту және төтенше жағдай кезiнде қажеттi өнiмдер шығаруға қайта бағдарлау;
4) авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзу және қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын мiндеттi түрде сақтай отырып, еңбекке жарамды тұрғындарды және жеке тұлғалардың көлiк құралдарын аталған жұмыстарды жүргiзуге тарту көзделедi.
3. Осы Заңның 4-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген мән-жайлар болған кезде төтенше жағдай енгiзiлген жағдайда, төтенше жағдай енгiзiлетін жерде халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан кепілді түрде қорғауды қамтамасыз ету үшін құрылған материалдық-техникалық, азық-түлiк, медициналық және басқа да ресурстардың мемлекеттік резерві болмаған немесе жеткіліксіз болған кездегі ерекше жағдайларда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде мүлікті реквизициялау "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.15 № 253, 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. Төтенше жағдай кезіндегі жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ лауазымды адамдар құқықтарының кепілдігі және олардың жауапкершілігі
Лучшие юристы





Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей