Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.06.2026

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
11-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт

Ескерту. 11-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт электрондық нысанда электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру арқылы жасалады және осы Заңның 12-бабында көзделген тәртіппен көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің орналасқан жеріндегі жергілікті атқарушы органда оны есепке қойған кезден бастап жасалған болып есептеледі. 

2. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың тараптары іс жүзіндегі мекенжайының және (немесе) басқа жеке деректерінің өзгеруі туралы күнтізбелік отыз күн ішінде бір-біріне жазбаша хабарлауға тиіс. 

3. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың берілген күні мен нөмірі немесе кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі. 

Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы жасалған шарттың күні мен нөмірі көрсетіледі. 

4. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт: 

1) бөлме бойынша өтеудің тең шамаластығы (алынатын үлестің тұрғын алаңы жылжымайтын мүліктің меншік иесі беретін реновациялау объектісінің тұрғын алаңынан кем болмауға тиіс); 

2) тең құнмен өтеу талаптарымен жасалады. 

Өзге талаптар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.  

5. Реновациялау объектілерінің жылжымайтын мүлкінің меншік иелерімен жасалатын, реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанында белгіленген мерзімде қол қойылады.  

6. Реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша берілетін үлес белгіленген құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, экологиялық, өртке қарсы, техникалық және басқа да міндетті нормаларға сәйкес келуге тиіс. 

7. Уәкілетті компания реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үйді жалдау шығыстарын және (немесе) өзге де шығыстарды уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру тәртібіне сәйкес өтеуге міндетті. 

8. Реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иесі уәкілетті компаниядан үлес беру туралы шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабарламаны алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесті қабылдауға міндетті. 

9. Кепілдік беру жағдайы басталған кезде уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің немесе реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелері алдындағы уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру жөніндегі міндеттемелері уәкілетті компанияның реновациялау объектісінің және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүліктің меншік иелеріне уақытша тұрғын үй және (немесе) өтемақы төлемдерін беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...9 10 11 11‑1 12 ...42

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.

Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика


После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.


Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно


Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке


были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться