Ст. 41 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
41-бап. Елді мекендерді жоспарлау шеңберінде жол пайдаланушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету
1. Елді мекендердің жолдарын жоспарлау кезінде барлық жол пайдаланушылардың қажеттіліктері орнықты қалалық жоспарлау, көлік қызметтеріне сұранысты басқару және жер ресурстарын пайдалану шеңберінде: 1) қоғамдық көліктің басымдығы мен артықшылығын қамтамасыз ете отырып, халықтың жол жүруге сұранысын реттеу;
2) межелі орындарға апаратын көлік құралдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
3) елді мекендердің жолдары мен көшелерінде жол жүрісі қауіпсіздігін және олардың үздіксіз өткізу қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып, базарларды, адамдар жаппай жиналатын объектілерді жоспарлау мен орналастыру;
4) географиялық және демографиялық жағдайларды ескеру;
5) интеллектуалды көлік жүйесін енгізу;
6) елді мекендерді, көліктік инфрақұрылымды жоспарлау және елді мекендер жерлерін пайдалану жөніндегі функцияларға жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды енгізу негізінде қамтамасыз етіледі.
2. Елді мекендердің аумақтық-көліктік жоспарлау схемаларында, бас жоспарларында:
1) жол жүрісінің қауіпсіз және үздіксіз ұйымдастырылуы;
2) бекітілген техникалық сипаттамаларға сәйкес жол жүрісіне қатысушылардың жол-көлік оқиғаларының әсерінен жоғары қорғалу деңгейі;
3) жерасты және жерүсті жаяу жүргінші өткелдерін салу арқылы көлік және жаяу жүргінші ағындарын бөлу;
4) орынтұрақтардың, паркингтердің, велосипед жүретін жолақтың не велосипед жолдарының, сондай-ақ қоғамдық көлікке, оның ішінде жеке бөлінген жол бойынша жүретін жеңіл рельсті көлікке және жедел медициналық жәрдем және өртке қарсы қызмет ұйымдарының арнайы көлік құралдарына арналған жүру жолағының болуы;
4-1) электр қозғалтқыштармен жарақтандырылған механикалық көлік құралдарының тоқтап тұруы үшін, электрқуаттау станцияларымен жабдықтауға арналған, жол белгілерімен және жол таңбасымен белгіленетін, оның ішінде автожанармай құю станцияларында арнайы бөлінген орындардың болуы;
5) көлік құралдарының қарсы ағындарын қарсы жүру жолағына шығып кетуді шектейтін жол қоршауларымен бөлу;
6) көлік құралдарының қиылысатын ағындарын әртүрлі деңгейлердегі көлік айрықтарымен бөлу;
7) көлік құралдарының, халық пен өндірістің шектен тыс шоғырлануын болғызбау;
8) көлік және инженерлік ифрақұрылымды қоса алғанда, елді мекеннің аумағын болжамды демографиялық, автомобиль, жол және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сәйкес келетін жол жүрісін ұйымдастыруды ескере отырып дамыту;
9) жолдардың өткізу қабілетінің, көлік айрықтарының, көлік құралдарының орынтұрақтары мен паркингтерінің көлік құралдары шоғырлануына және елді мекендер аумақтарының құрылысына арақатынасы;
10) елді мекендерді орнықты дамыту кезінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шаралар көзделуге тиіс.
Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 126-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей