Ст. 74 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
74-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын алу шарттары
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Осы бапта белгіленген жасқа толған және көлік құралдарын басқаруға қарсы айғақтардың жоқ екендігі туралы медициналық қорытындысы бар адамдарға тиісті даярлықтан кейін көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
2. Көлік құралдарын басқару құқығы:
"А1" кіші санатындағы көлік құралдарын – он алты жасқа толған адамдарға;
"А", "В" санаттарындағы және "В1", "С1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын – он сегіз жасқа толған адамдарға;
"С" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде бір жыл "С1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;
"Tm" санатындағы көлік құралдарын – жиырма бір жасқа толған адамдарға;
"D" және "Tb" санаттарындағы көлік құралдарын жүргізу – жиырма үш жасқа толған, кемінде үш жыл жүргізуші жұмыс өтілі, оның ішінде "D1" кіші санатына жатқызылатын көлік құралдарын кемінде бір жыл басқару өтілі бар адамдарға;
"ВЕ", "СЕ", "DЕ" санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "В", "С" немесе "D" санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға;
"С1Е", "D1Е" кіші санаттарындағы көлік құралдарының құрамдарын – кемінде он екі ай бойы тиісінше "С", "D" санаттарындағы не "С1", "D1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқаруға құқығы бар адамдарға беріледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. "В", "С" санаттарындағы, сондай-ақ "С1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихандар тапсыруға он жеті жасқа толған жəне жергілікті əскери басқару органдарының жолдамалары бойынша көлік құралдарының жүргізушілерін тиісті даярлаудан өткен, жүргізушілік жұмыс өтілі жəне "С1" санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі жоқ адамдар жіберіледі.
Аталған адамдарға ұлттық жүргізуші куəліктері олар он сегіз жасқа толғанда беріледі.
4. Әскери қызметшілерге тиісті даярлықтан кейін "D" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін емтихан тапсыруға он сегіз жасқа толғаннан кейін рұқсат етіледі.
Аталған адамдар жиырма бір жасқа толғанға дейін оларға емтихан тапсыру нәтижелері бойынша берілген ұлттық жүргізуші куәліктері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына ғана тиесілі "D" санатындағы және "D1" кіші санатындағы көлік құралдарын басқару құқығын растайды.
Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2017 № 69-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 83-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.07.2024 № 126-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей