Ст. 72 Жол жүрiсi туралы 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V
Жол жүрiсi туралы
72-бап. Көлік құралының тіркеу деректері
1. Мемлекеттік тіркеу туралы құжатқа енгізілетін және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде мемлекеттік есепке алуға жататын көлік құралының міндетті тіркеу деректеріне мынадай негізгі мәліметтер жатады: 1) мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің әріптік-цифрлық белгіленуі;
2) көлік құралының шыққан жылы;
3) көлік құралының маркасы және моделі;
4) осы көлік құралын басқару құқығына берілетін санат немесе кіші санат;
5) көлік құралдарын жасаушы ұйым берген сәйкестендіру нөмірі немесе шассидің (шанағының, рамасының) нөмірі;
6) түсі;
7) қозғалтқыштың көлемі, қозғалтқыштың ат күшімен және киловатпен алынған қуаты;
8) көлік құралы иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) немесе заңды тұлғаның атауы;
9) жеке тұлға үшін – тұрғылықты жерінің, заңды тұлғаның немесе оның филиалының орналасқан жерінің мекенжайы;
10) көлік құралдарын тіркеу органының атауы.
11) көлік құралдарына салықты есептеу мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11) тармақшаның екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.10.2024 № 130-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бұл ретте жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кіріс органдарының мәліметтері негізінде әкелген күнді айқындауға құқылы.
Осы тармақшаның мақсаты үшін Қазақстан Республикасының аумағына жеңіл автомобильдерді әкелген күн ретінде "2014 жылғы 1 қаңтарға дейін" немесе "2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін" деп көрсетіледі.
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелген күн болып есептеледі.
12) жеңіл автомобильдерді өндіруші ел (Қазақстан (басқалар).
2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган көлік құралдарын шығарумен байланысты кеден операциялары жүргізілгеннен кейін уәкілетті органның көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне бірлескен актіде айқындалатын тәртіппен мәліметтерді жібереді.
Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.11.2014 № 257-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
11-тарау. АДАМДАРҒА КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН БАСҚАРУҒА РҰҚСАТ БЕРУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жол жүрiсi туралы 75-бап. Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату Жол жүрiсi туралы 65-бап. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық жол жүрісіне көлік құралдарының қатысуына рұқсат беру Жол жүрiсi туралы 70-1-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді, жүргізуші куәліктерін және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін дайындау саласындағы мемлекеттік монополия ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 413-бап. Сатушының үшiншi тұлғалардың құқықтарынан тыс тауарды беру мiндетi Жол жүрiсi туралы 71-бап. Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу кезінде иелерінің жауаптылығыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей