Ст. 19 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы
19-бап. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы өз құзыреті шегінде: 1) жылына кемінде бір рет жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есептерін тыңдайды;
2) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
3) жылына кемінде бір рет мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
6-1) мемлекеттік жастар саясаты, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша және конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;
6-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
6-3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
6-4) талантты жастарды және перспективалы жастар шығармашылық ұжымдарын іздеуге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
6-5) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырады;
7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
11) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің даму басымдықтарын ескере отырып, жастарға арналған сатып алу және (немесе) жекешелендіру құқығынсыз жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй беру жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және бюджет есебінен іске асырады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:
1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың өзекті проблемаларын анықтау және шешу, тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді;
3) уақытша бос жүрген жастар үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді, сондай-ақ біліктілікті арттыруды қамтамасыз етеді;
4) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;
5) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;
6) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;
7) жастардың өңірлік форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
8) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық толеранттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;
9) жастар еңбек жасақтарын құрады, ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
10) жастардың даму индексін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесінде жүзеге асырады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 26.12.2022 № 168-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей