Ст. 25 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу
1. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар береді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны қорғау мүдделерін ескере отырып, осы Заңға сәйкес рұқсаттамалардың қолданылуына шектеу енгізуі немесе оны уақытша тоқтата тұруы мүмкін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне рұқсаттама алуға ұсынулар енгізу кезінде жеке және заңды тұлғалар кәсіпшілік және өзге де кемелерде, көлік және өзге де техникалық құралдарда пайдаланылатын жұмыс жүргізудің немесе іс-шаралар өткізудің сипаты, орны, қатысушылары, уақыты туралы, ал қажет болған жағдайларда, егер бұл шектес мемлекетпен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында ескертілсе, Мемлекеттік шекараны кесіп өту орны мен уақыты туралы мәліметтерді енгізеді.
3. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде жүзеге асырылатын (жүргізілетін) шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызмет, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шаралар:
1) Қазақстан Республикасының, шектес мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе залал келтіру қатерін тудырмауға;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Мемлекеттік шекараны күтіп-ұстауына және міндеттерді орындауына кедергі жасамауға;
3) Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті бұзбауға тиіс.
4. Шекаралық белдеуде кәсіпшілік мақсатта аң аулауға тыйым салынады. Көрсетілген шектеулер шекаралық белдеудің сыртқы шекарасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің инженерлік-техникалық құралдарының сызығына дейінгі жергілікті жер белдеуінде де қолданылады.
5. Режимдік шектеулердің қолданысын оң экологиялық сараптама болған және су көздері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай болған кезде уақытша тоқтата тұруға жол берілетін, шекаралық белдеуде орналасқан шекаралық өзендердің, көлдердің және өзге де су айдындарының суларындағы су алатын, суға шомылатын, жануарларды суаратын орындарды жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгілейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Құқық қорғау қызметi туралы 51-бап. Қайта аттестаттау Құқық қорғау қызметi туралы 26-бап. Көтермелеу тәртібімен арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер беру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 31-бап. Өткізу пункттеріндегі режим Волонтерлік қызмет туралы 9-бап. Волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыретіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей