Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту

1. Мемлекеттік шекараны кесіп өту орнынан өткізу пункттеріне дейін және кері қарай ұшатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде әуе кемелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы уәкілетті органның мынадай талаптарын орындауға: 

1) егер ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытты өзгертуге; 

2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы хабарлауға; 

3) көрсетілген жерге келіп қонуды жүзеге асыруға міндетті. 

2. Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта ұшу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде, дүлей зiлзаланы, апатты, аварияны, авариялық жағдайды және адамдардың өміріне немесе денсаулығына қатер төндіретін басқа да жағдайларды қоспағанда, әуе кемелеріне: 

1) ұшу жоспарында көрсетілмеген, халықаралық болып табылмайтын әуежайларға немесе әуеайлақтарға, сондай-ақ әуежайлардан және әуеайлақтардан тыс жерлерге қонуға (ұшып көтерілуге); 

2) белгіленген (ұсынылған) дәліздерден және ұшу маршруттарынан ауытқуға, аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған, ұшуға тыйым салынған аймақтар мен ұшу шектелген аймақтар аумағының үстінен ұшып өтуге;  

3) адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады. 

Осы тармақтың 3) тармақшасының күші осы баптың 4-тармағында көрсетілген Мемлекеттік шекараны кесіп өту жағдайларына қолданылмайды. 

3. Ерекше жағдайларда техникалық, мәжбүрлі түрде қонуларды және гуманитарлық рейстерді, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуларды орындау кезінде әуе кемелерінің қонуы мен ұшып шығуы халықаралық болып табылмайтын әуежайлардан немесе әуеайлақтардан жүргізіледі. Көрсетілген ұшулар Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен келісім бойынша азаматтық және мемлекеттік авиация салаларындағы уәкілетті органдар берген уақытша рұқсат болған кезде орындалады. 

4. Құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағынан жасанды аралдарға, қондырғылар мен құрылыстарға, қалқымалы бұрғылау қондырғыларына не қалқымалы қонақүйлерді қоса алғанда, көрсетілген жасанды аралдардан, қондырғылар мен құрылыстардан, қалқымалы бұрғылау қондырғыларынан Қазақстан Республикасының аумағына адамдарды, жүктер мен тауарларды жеткізуді жүзеге асыратын қазақстандық әуе кемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шекаралық және өзге де бақылау түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бөлінген әуе дәліздерінен тыс бірнеше мәрте кесіп өте алады. Адамдарды, кемелерді құтқару қажеттілігінен не басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, қазақстандық әуе кемесінің командирі бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, сондай-ақ азаматтық және мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдарды дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, көрсетілген қазақстандық әуе кемелеріне шет мемлекеттердің әуе кеңістігіне ұшып кіруге, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде шекаралық бақылаудан өткен адамдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды отырғызуға (бортқа алуға), Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылған кемелерге (кемелерден), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық және кедендік бақылау жүзеге асырылмаған кемелерге (кемелерден) кез келген жүктерді, тауарларды, валютаны, жануарларды тиеуге (түсіруге) тыйым салынады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда кемелердің келуімен (кетуімен) байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасының аумағы мен құрылықтық қайраң үстіндегі су кеңістігінде орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар мен құрылыстар, қалқымалы бұрғылау қондырғылары, қалқымалы қонақүйлер арасындағы ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағынан ұшып шығуы және Қазақстан Республикасының аумағына қонуы Қазақстан Республикасының әуеайлақтарынан, тікұшақ айлақтарынан және қону алаңдарынан, оның ішінде халықаралық ұшулар үшін ашылмағандарынан жүргізілуі мүмкін. 

Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 N 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 16‑1 17 18 19 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться