Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
44-бап. Ішкі және аумақтық сулар режимі

Ескерту. 44-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Ішкі және аумақтық сулар шегінде ішкі және аумақтық сулар режимі қолданылады, ол: 

ішкі және аумақтық суларда қазақстандық шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (суүсті және суасты) кемелердi (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу, күтіп-ұстау, олардың орналасу пункттерінен шығу және орналасу пункттеріне қайтып оралу, суда болу; 

қазақстандық кемелердің, шетелдік кемелер мен әскери корабльдердің, мұз үстімен жылжитын құралдардың ішкі және аумақтық суларда жүзу (пайдаланылу); 

ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның табиғи минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу тәртібін белгілейді. 

2. Ішкі және аумақтық сулар режимі осы Заңда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленеді. 

3. Ішкі және аумақтық сулар режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады. 

Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться