Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
45-бап. Шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу

1. Ішкі және аумақтық суларда пайдаланылатын қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелерді (құралдарды) және мұз үстімен жылжитын құралдарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есепке алуға тиіс. 

2. Кемелерді және мұз үстімен жылжитын құралдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери корабльдеріне және өзге де кемелеріне, ішкі және аумақтық суларда міндеттерді өз құзыреті шегінде орындайтын уәкілетті органдарға тиесілі, сондай-ақ халықаралық тасымалдауларды орындаған кезде тиісті теңіз немесе өзен порттарында тіркелімге алынған және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен ұйымдарға тиесілі қазақстандық шағын көлемді кемелерге және мұз үстімен жылжитын құралдарға қолданылмайды. 

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі күзететін Каспий теңізінің жағалауы маңына, шекаралық өзендердің, көлдердің және өзге де су айдындарының жағасына азаматтар уақытша келетін қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелер (құралдар) және мұз үстімен жылжитын құралдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде уақытша есепке қойылуға тиіс. 

Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться