Ст. 64 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
64-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тәртіпті ұстап тұру мақсатында құрлықта, ішкі және аумақтық суларда (оның ішінде су астындағы ортада) Мемлекеттік шекараны қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің өз туы, оның ішінде әскери-теңіз туы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері пайдаланатын танып айыру белгілері, ал әскери бөлімдердің – белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің міндеттері:
1) Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара туралы халықаралық шарттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау, оны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге қатысу;
3) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігінің міндеттерін шешуге қатысу;
4) Мемлекеттік шекарада, балық аулау аймағында және континенттік қайраңда Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;
5) шекаралық аймақта, ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраңда белгіленген режимдердің сақталуына дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;
6) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын сақтауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғат қорғау органдарына жәрдем көрсету болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне басқа да міндеттер Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелуі мүмкін.
Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Волонтерлік қызмет туралы 4-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері Құқық қорғау қызметi туралы 18-бап. Әскери жағдай қолданылатын кезеңде құқық қорғау қызметінде құқықтық қатынастардың туындауы мен өзгеруі Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 80-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 30-бап. Кәсiпорынның жауапкершiлiгi Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 37-бап. Кәсiпорынның жедел басқаруына берiлген мүлiктi меншiк иесiнiң қайтып алу және қайта бөлу құқы...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей