Ст. 4 Волонтерлік қызмет туралы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ ҚРЗ
Волонтерлік қызмет туралы
4-бап. Волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері, негіздері
1. Волонтерлік қызметтің мақсаттары: 1) жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсету, азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және сақтау, дене шынықтыруды және спортты дамыту, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттар;
2) қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.
2. Волонтерлік қызметтің міндеттеріне:
1) қоғамға әлеуметтік міндеттерді шешуге көмектесу;
2) волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау;
3) халықтың әртүрлі нысаналы топтарымен және санаттарымен өзара іс-қимыл жасауда волонтерлік қызметтің рөлін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру;
4) волонтерлерге консультация беруді, ақпарат беруді және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүргізу;
5) волонтерлер топтарын - волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды орындаушыларды жасақтау;
6) волонтерлік қызметке оқытуды ұйымдастыру жатады.
3. Волонтерлік қызмет саяси партияларды және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмайды.
4. Кез келген нысандар мен көріністердегі терроризмді, экстремизмді және сепаратизмді көздейтін волонтерлік қызметке тыйым салынады.
5. Әскерилендірілген құрылымы, нысаны, арнаулы айырым белгілері, әнұрандары, жалаулары, жалаушалары, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше жағдайлары, қаруы, соның ішінде имитациялық қаруы бар әскерилендірілген құралымдар үлгісі бойынша волонтерлік ұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағында құруға тыйым салынады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Құқық қорғау қызметi туралы 57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттары Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 74-бап. Арнайы құралдарды қолдану Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 9-бап. Мемлекеттік шекараны орнату Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 47-бап. Еншiлес мемлекеттiк кәсiпорынның құқықтық жағдайыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей