Ст. 70 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
70-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құзыреті
1. Мемлекеттік шекараны әуе кеңістігінде күзету кезінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері: 1) Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде, сондай-ақ аумақтық сулардың шегінен тыс жерлерде шет мемлекеттердің шекарасына дейін әуе кемелерінің Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өтуі кезінде оларды танып айыру үшін өздерінде бар құралдарды пайдаланады;
3) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының аумағында ұшуының жолын кеседі және қондыруға шаралар қолданады;
4) әуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-әрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, әуежайға немесе әуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жәрдем көрсетеді.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі жағдайды анықтау үшін басқа да уәкілетті органдардың күштері мен құралдарын тартуға;
2) әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту қатері туындаған кезде немесе заңсыз кесіп өту кезінде Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің жекелеген аудандарында әуе кемелерінің ұшуына тыйым салуға немесе оны шектеуге;
3) әуе кемесінен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне ұшып кіру мақсаттары немесе ұшу жоспарынан ауытқу себептері туралы ақпаратты хабарлауды талап етуге;
4) әуе кемелері экипаждарының абайсыз іс-әрекеттері жағдайында Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен осы кемелерге олардың бағдарын қалпына келтіру, әуежайға немесе әуеайлаққа шығару, Қазақстан Республикасының аумағына қондыру немесе Қазақстан Республикасы әуе кеңістігінің шегінен тыс жерге шығару арқылы жәрдем көрсетуге, әуе кемесіне, егер оның бағыты ұшу үшін тыйым салынған немесе уақытша қауіпті ауданға апаратын болса, бағытын өзгертуді ұсынуға;
5) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің алдын алу немесе тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға, қажет болған жағдайда әуе кемесінің экипажынан көрсетілген жерге қонуын, оның ішінде мәжбүрлі түрде қонуын жүзеге асыруды талап етуге;
6) Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен және (немесе) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзған әуе кемелерінің экипаж мүшелерін (Қазақстан Республикасының аумағына қонғаннан кейін) құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бөлімшесіне шақыруға;
7) құқық бұзушылық жасаған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартуға жататын адамдарды ұстауға, осы адамдарды анықтау және тергеу органдарына немесе тиісті органдарға тапсыруға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қару-жарақты және әскери техниканы қолдануға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Ескерту. 70-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет ке... Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 5-бап. Бағалау объектiлерi Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 17-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды жекешелендiру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 60-бап. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның құзыреті Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 31-бап. Қазыналық кәсiпорын ұғымыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей