Ст. 16 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
16-бап. Кәсіпшілік жүргізуші қазақстандық кемелердің теңізде, өзендерде, көлдерде және өзге де су айдындарында Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы
1. Ішкі және аумақтық суларда, балық аулау аймағында және континенттік қайраң үстінде кәсіпшілікті кәсіпшілік өнімдерін шетелдік кемелерге, сондай-ақ мақсаты Қазақстан Республикасының аумағында балық өнімдерін және өзге де өнімдерді өткізу немесе өндіру үшін кәсіпшілік өнімдерін жеткізу болып табылатын кәсіпшілік қызметті жүргізген жағдайда, өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелерге ауыстырып тиемей жүзеге асыратын қазақстандық кемелер кеменің тұрған жері туралы ақпаратты үнемі автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық, кедендік бақылаудан және бақылаудың өзге де түрлерінен өтпестен, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады. 2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерге:
1) шет мемлекеттің ішкі және аумақтық суларына, шетелдік порттарға кіруге;
2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен туындаған немесе кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін басқа да төтенше жағдайларды қоспағанда, шетелдік кемелердегі, сондай-ақ өздеріне қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған қазақстандық кемелердегі адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге) тыйым салынады.
3. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өтуге рұқсат беру тәртібін, осындай рұқсат қолданысының кеңістіктегі және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық кемелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей