Ст. 59 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
59-бап. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы
Мемлекеттік саяси қызметшінің саяси лауазымда атқаратын өкілеттіктері:
1) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;
1-1) шет мемлекеттің азаматтығы болған;
2) мемлекеттік орган таратылған (жойылған);
3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;
5) өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеген;
6) мемлекеттік саяси қызметші активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;
8) мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктерін доғару туралы жеке жазбаша өтініші негізінде отставкасы қабылданған;
9) мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адам (орган) тиісті шешім қабылдаған;
10) басқа жұмысқа ауысқан;
11) осы Заңның 16-бабы 3-тармағы бірінші бөлігінің 6), 6-1), 7), 8), 9), 9-1), 9-2), 10), 11) және 14) тармақшаларында көрсетілген адамдарды мемлекеттік қызметке қабылдаған;
12) алып тасталды – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан;
14) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынған;
15) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында өзгеше көзделмесе, ол Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайларда тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін өз өкілеттігін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша, әдетте, бес жылға дейінгі мерзімге жалғастыра алады;
15-1) осы Заңның 60-бабының 5-тармағына сәйкес сенімді жоғалтқан;
15-2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптардың сақталуын ескере отырып, ротациядан бас тартқан жағдайларда тоқтатылады.
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктері мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған, мемлекеттік саяси лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазымға өзгертілген жағдайларда да тоқтатылуы мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
59-баптың үшінші бөлігі 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады, тоқтатыла тұрған кезеңде осы редакцияда қолданыста болады – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Осы баптың бірінші бөлігінің 3), 4), 5), 6), 7), 11), 13), 14) және 15-1) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік саяси қызметшілер терiс себептермен қызметтен шығарылған болып танылады.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 393-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей