Мемлекеттiк кәсiпорын туралы
9-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды басқару
1. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға:
1) мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға;
2) мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен тәртiбiн қарауға және бекiтуге;
3) уәкiлеттi органға тиiстi есептi ол белгiлеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; V032250
4) Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге;
5) мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
6) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкiлеттiктерi болады.
2. Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады.
3. Мемлекеттiк басқару органы кәсiпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресiмдейдi. Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген талаптардан басқа, кәсiпорын басшысының таза табыстың белгiленген бөлiгiн бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептiлiгi туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етпегенi үшiн жауапкершiлiгi айқындалады. 4. Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттiк басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйi үшiн тiкелей жауапты болады. 5. Кәсiпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және кәсiпорынның барлық мәселелерiн осы Заң мен кәсiпорын жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi. 6. Басшы кәсiпорын атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн бiлдiредi, осы Заңмен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi. 7. Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкердi кәсiпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.
Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның жарғысында белгiленедi. 8. Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi.
Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны мемлекеттiк органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2002.05.21 N 323, 2004.06.11 N 561, 2006.07.04 N 150, 2007.05.15 N 253 Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 28-бап. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы Құқық қорғау қызметi туралы 58-бап. Қызметтік тергеу Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы 79-бап. Салынған объектілерді пайдалануға тапсыруға және қабылдауға қатысушылардың жауаптылығы Құқық қорғау қызметi туралы 43-бап. Құқық қорғау органының штаты қысқартылған, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кездегі құқық қорғау қызметіне байланысты құқықтық қатынастарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей