Ст. 58 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
58-бап. Қызметтік тергеу
1. Қызметтік тергеп-тексеру қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының себептерін, сипатын және мән-жайларын анықтау, осы Заңда көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мән-жайлардың болуы немесе болмауын растау қажет болған кезде, оның ішінде қызметкерлердің жазбаша баянаты мен құқық қорғау және сот органдарының хабарламалары негізінде құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшысының шешімі бойынша жүргізіледі. Қажет болған жағдайда қызметтік тергеу жүргізу кезінде полиграфологиялық зерттеу жүргізіледі.
2. Қызметтік тергеу жүргізуге оның нәтижесіне тікелей немесе жанама мүдделі қызметкер қатыса алмайды. Мұндай жағдайда ол қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға, өзін осы тергеу жүргізуге қатысудан босату туралы жазбаша баянатпен жүгінуге міндетті. Осы аталған талаптар сақталмаған жағдайда, қызметтік тергеу нәтижелері заңсыз деп есептеледі.
3. Қызметтік тергеу жүргізу кезінде мынадай:
1) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау фактісін;
2) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды;
3) қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасау нәтижесінде келтірген залалдың сипаты мен мөлшерін;
4) қызметкердің қызметін өткеруге кедергі келтіретін мән-жайлардың болу немесе болмауын объективті және жан-жақты анықтау шаралары қолданылуға тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Қызметтік тергеу оны жүргізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей аяқталуға тиіс. Аталған мерзімге қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкердің демалыста, іссапарда немесе емделуде болған уақыты, сондай-ақ оның өзге де дәлелді себептермен қызметте болмаған уақыты есептелмейді.
5. Қызметтік тергеудің нәтижелері қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған адамға жазбаша нысандағы қорытынды түрінде беріледі, ол оны тергеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкерден қызметтік тергеу жүргізудің мән-жайы бойынша түсініктеме талап етіп алынады.
7. Өзіне қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін қызметкер:
1) жүргізілетін қызметтік тергеудің мәні бойынша жазбаша түсініктеме беруге;
2) өтініш айтуға, айғақтар және өзге де құжаттар ұсынуға;
3) қызметтік тергеу жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшысына қызметтік тергеу жүргізетін қызметкерлердің шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануға;
4) егер ол мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді таратпау талаптарына қайшы келмесе, қызметтік тергеу аяқталғаннан кейін қорытындымен және басқа да материалдармен танысуға құқылы.
Қызметкер жазбаша түсініктеме беруден бас тартқан кезде тиісті акт жасалады.
8. Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша қорытындыда:
1) қызметтік тергеу нәтижесі бойынша анықталған фактілер мен мән-жайлар;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) қызметтік тергеу нәтижесі бойынша тұжырымдар мен ұсыныстар көрсетіледі.
9. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу кезінде қызметкердің әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдаған құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшысы алынған материалдарды шешім қабылдау үшін тиісті құқық қорғау органдарына дереу беруге міндетті.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10. Қызметтік тергеу жүргізу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
7-тарауды 58-1-баппен толықтыру көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
8-тарау. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануы
Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 23.04.2014 N 200-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Қайда шағымданасыз?
1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде
Негіз: 319-бап.
2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым
Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).
Жаза қолданатын орган — МКБ.
3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)
Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.
Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей