Ст. 82 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
82-бап. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйымның оқыс оқиға, авария кезіндегі іс-қимылы
1. Қауiптi өндiрiстiк объектiнi пайдалануды жүзеге асыратын ұйым оқыс оқиға кезінде: 1) қауіпті өндірістік факторлардың туындағаны және болған оқыс оқиға туралы жұмыскерлерге, төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға дереу хабар береді;
2) бір тәулiк iшiнде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiне хабар береді;
3) оқыс оқиғаны тергеп-тексеруді жүргiзедi;
4) оқыс оқиғаларды болғызбау жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
5) болған оқыс оқиғаларды есепке алуды жүргiзедi.
2. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануды жүзеге асыратын ұйым авария кезінде:
1) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, ал қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлайды;
2) аварияны тергеп-тексеру жөнiндегi комиссияға өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру үшін қажеттi барлық ақпаратты береді;
3) комиссия жұмысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн iс-шараларды жүзеге асырады.
Ескерту. 82-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей