Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 31 Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 1991 жылғы 20 желтоқсандағы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
31-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерінің өкілеттігі

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын әзірлейді және бекітеді. 

Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi: 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдайды және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркейді; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркейдi; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындаған тәртіппен жүргізеді; 

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын анықтайды. 

Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерi болмаған жағдайда бұл органдардың функцияларын тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері орындайды. 

Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-тарау
Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөніндегі арыздар мен ұсыныстарды қарау бойынша іс жүргізу

Статья 1 ...29 30 31 32 33 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться