Ст. 11 Ардагерлер туралы 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ ҚРЗ
Ардагерлер туралы
11-бап. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерді әлеуметтік қолдау шаралары
1. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерлерге мынадай әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу;
2) жергілікті атқарушы орган өз құзыреті шегінде көрсететін ақшалай немесе заттай түрдегі әлеуметтік көмек;
3) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғынжаймен қамтамасыз етуі;
4) жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн біржолғы бiрiншi кезекте алу;
5) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда артықшылықпен қызмет көрсету және ауруханаға кезектен тыс жатқызу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бiлiктi медициналық көмек алу;
7) ардагерлер жұмыс iстеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлiкке шыққан кезде де пайдалану құқығы;
8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін бірінші кезекте алу;
9) білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімді кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдауға конкурс өткізу кезінде балдары тең болған жағдайда артықшылықты құқық;
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына түсу кезінде орта білім саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді;
11) барлық байланыс қызметiн кезектен тыс пайдалану құқығы;
12) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жеңiлдiктi салық салу.
2. Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген қайтыс болған жалғызiлiктi ардагерлерді жерлеуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері салт-жоралар рәсiмдерiн орындай отырып жүзеге асырады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Отбасы мүшелеріне не басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының қайтыс болған ардагерін және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестiрiлген ардагерді жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерлеуге арналған біржолғы төлем төленеді.
4. Осы Заңның 6-бабының 2) тармақшасында аталған ардагерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сай қосымша әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылады.
Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Телерадио хабарларын тарату туралы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 11-бап. Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы Стандарттау туралы Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы 12-бап. Астанадағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі Автомобиль көлiгi туралыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей