Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Коллекторлық қызмет туралы
7-бап. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеу

1. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай ішінде есептік тіркелуге жатады. 

2. Алып тасталды – ҚР 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға есептік тіркеуден өту үшін уәкілетті орган бекіткен нормативтік құқықтық актіде көзделген құжаттарды уәкілетті органға ұсынады. 

4. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өтуге арналған құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. 

Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде жазбаша нысанда бас тартады. 

5. Уәкілетті орган есептік тіркеуден өту туралы өтінішті құжаттар топтамасы толық ұсынылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. 

6. Уәкілетті орган коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны осы баптың 5-тармағында белгіленген мерзімде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізуге және оны осы шешім мен тіркеу нөмірі туралы хабардар етуге не есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы уәжді түрде жазбаша нысанда жауап беруге міндетті.  

7. Есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімі уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 43-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 6‑1 7 8 9 ...22

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться