Ст. 12 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
12-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдік бойынша қайтару үшін бұрын экспортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырады.
2. Импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында түпкілікті пайдаланушыдан немесе импорттаушыдан үшінші тұлғаларға беру импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беру рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарлардың импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы бұрын экспортталған тауарларының импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган ұйымдастыратын оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, көрмелер, парадтар, жарыстар, демонстрациялық іс-шаралар, сынақтар өткізу кезінде тартылуы қажетті, шет мемлекеттің мемлекеттік органдарына немесе ұйымдарына тиесілі әскери мақсаттағы тауарлар импорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың импорты осы тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың импортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғалары оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген күннен бастап он екі айдан аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге міндетті.
6. Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарлар уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілген түпкілікті пайдаланушыға дейін жеткізілуге тиіс.
Импортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды уәкілетті орган берген өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензияда және (немесе) Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесінде көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
7. Қазақстан Республикасы жеке және заңды тұлғаларының импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды мәлімделген мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдалануына, сондай-ақ оларды экспорттаушы елдің және (немесе) шығарған елдің құзыретті органының рұқсатынсыз кері экспорттауына тыйым салынады.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Читать еще раз
Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы 27-бап. Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқарту Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы 26-бап. Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы 11-бап. Өлшем құралдары Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы 12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау Арнайы экономикалық аймақтар туралы 30-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей