Ст. 11 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
11-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын бақылау
1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия немесе қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары бұрын импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды жөндеу, жаңғырту, қайта өңдеу, ауыстыру не кепілдігі бойынша қайтару үшін өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын кепілдік міндеттемесін ұсынбай, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензия негізінде жүзеге асырады.
2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортын қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде, онда бірнеше шет мемлекетті, импорттаушыларды және (немесе) түпкілікті пайдаланушыларды көрсете отырып жүзеге асыра алады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлардың экспортын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензия негізінде уәкілетті органға қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияларды орындау жөніндегі құжаттарды уәкілетті орган айқындаған мерзімде және тәртіппен ұсынуға міндетті.
3. Осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, алушы елдің құзыретті органы берген кепілдік міндеттеме болған кезде жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган алушы елдің кепілдік міндеттемесінің төлнұсқалығын уәкілетті орган айқындаған жағдайларда айқындайды.
4. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ұлттық контингентінің жұмыс істеуі немесе бітімгершілік операциясына даярлықты жүргізу үшін қажетті әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі беретін әскери рұқсатнамалар негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау, сондай-ақ оқу-жаттығуларға, байқауларға, конкурстарға, көрмелерге, парадтарға, жарыстарға, демонстрациялық іс-шараларға, сынақтарға қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери мақсаттағы тауарларының экспорты өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай, Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органының бірінші басшысы бекітетін тізбе негізінде жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің жауынгерлік қарудың бірлі-жарым даналарын жауынгерлік және жедел-қызметтік міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасынан әкетуі өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шаралары қолданылмай Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрмелерде демонстрациялау, сынақтар, зерттеулер (сертификаттау) жүргізу үшін қосарланған мақсаттағы тауарлардың (ядролық және арнайы ядролық емес материалдарды, жабдықтарды, қондырғыларды, технологияларды, иондандырушы сәулелену көздерін, қосарланған мақсаттағы жабдықтарды және тиісті тауарлар мен технологияларды, оларды шығаруға байланысты жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді қоспағанда) және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың инспекторлары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды орындау үшін іріктеп алатын сынамалар үлгілерінің экспорты осы тауарлар үшінші тұлғаларға және үшінші елдерге құқық иелігіне берілмейді деген шартпен өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензиясыз жүзеге асырылады.
7. Экспортталатын өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына лицензияда, қосарланған мақсаттағы тауарлардың немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бақыланатын тауарлардың экспортына жалпы лицензияда көрсетілмеген басқа түпкілікті пайдаланушыға қайта жіберуге тыйым салынады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей