Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
25-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды анықтау мақсатында: 

1) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортына лицензия және (немесе) Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелерін алу кезінде мәлімделген мақсаттардан өзгеше мақсаттарда пайдалану; 

2) импортталған өзіндік ерекшелігі бар тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарларды тиісті рұқсат алмастан Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға беру бөлігінде жүзеге асырылады. 

2. Уәкілетті орган мемлекеттік бақылауды осы бапта белгіленген тәртіппен жүзеге асырады. 

3. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың импортын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың немесе Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемелері беріле отырып импортталған тауарлардың түпкілікті пайдаланушылары мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады. 

4. Мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін: 

1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараты; 

2) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларының өтініштері; 

3) халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың немесе шет мемлекеттер ұйымдарының ақпараты; 

4) бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпарат негіз болып табылады. 

5. Мемлекеттік бақылау мемлекеттік бақылау субъектісіне сұрау салу жіберу және мемлекеттік бақылау субъектісінен алынған құжаттарды және (немесе) ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, халықаралық ұйымдардан, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарынан немесе ұйымдарынан келіп түсетін немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған құжаттармен және (немесе) ақпаратпен салыстыру жолымен жүзеге асырылады. 

6. Уәкілетті органның мемлекеттік бақылау субъектісіне төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген құжаттарды және (немесе) ақпаратты беру туралы сұрау салуы мынадай жағдайларда: 

1) қолма-қол – алғаны туралы белгісімен; 

2) пошта арқылы – тапсырыс хатпен; 

3) электрондық тәсілмен – мемлекеттік бақылау субъектісі бұрын ұсынған рұқсатты алуға арналған өтініште көрсетілген мемлекеттік бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жіберілген күннен бастап не "электрондық үкімет" веб-порталындағы мемлекеттік бақылау субъектісінің жеке кабинетіне жіберілген күннен бастап табыс етілген болып саналады. 

Мемлекеттік бақылау субъектісі сұрау салуды алған күннен кейінгі келесі жұмыс күні мемлекеттік бақылауды жүргізудің басталуы болып есептеледі. 

Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау субъектілерінен және мемлекеттік органдарынан құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұрау салуда көрсетілген тәртіппен, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар арқылы күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде алады. 

7. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мерзімі оны жүргізу басталған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды. Зерттеулер, сынақтар және арнайы сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда уәкілетті органның басшысы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мерзімін жиырма жұмыс күніне ұзартуы не лауазымды адамның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңіне немесе мемлекеттік бақылау субъектісі оларды белгіленген мерзімде бермеген жағдайда құжаттарды және (немесе) ақпаратты алғанға дейін тоқтата тұруы мүмкін. 

8. Уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде: 

1) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау нысанасына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберуге; 

2) мемлекеттік бақылау субъектісінен мемлекеттік бақылау нысанасына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты алуға; 

3) мемлекеттік бақылау нысанасына және бақылау объектісінің мақсатына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, ұйымдарын, сарапшыларды және мамандарды тартуға; 

4) мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге құқылы. 

9. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган лауазымды адамының: 

1) Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасында белгіленбеген талаптардың орындалуын тексеруге; 

2) мемлекеттік бақылау нысанасына жатпайтын құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруді талап етуге; 

3) осы Заңда белгіленген мемлекеттік бақылау жүргізу мерзімінен асыруға; 

4) осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау жүргізу нәтижесінде алынған, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға құқығы жоқ. 

10. Уәкілетті органның лауазымды адамы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде: 

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік бақылау субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға; 

2) осы Заңда айқындалатын тәртіп негізінде және оған сәйкес мемлекеттік бақылауды жүргізуге; 

3) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезеңінде мемлекеттік бақылау субъектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге; 

4) мемлекеттік бақылау субъектісіне не оның уәкілетті өкіліне мемлекеттік бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсініктемелер беруге кедергі жасамауға; 

5) мемлекеттік бақылау субъектісіне мемлекеттік бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге; 

6) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде алынған құжаттардың және (немесе) ақпараттың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

11. Мемлекеттік бақылау субъектісі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде: 

1) мемлекеттік бақылау нәтижелері туралы актіге және уәкілетті органның лауазымды адамының әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға; 

2) уәкілетті органның лауазымды адамының мемлекеттік бақылау жүргізу нысанасына жатпайтын талаптарын орындамауға құқылы. 

12. Мемлекеттік бақылау субъектісі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде: 

1) сұрау салуды алған сәттен бастап жеті күн мерзімде уәкілетті органның лауазымды адамына мемлекеттік бақылау жүргізу нысанасына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты ұсынуға; 

2) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын құжаттарға және (немесе) ақпаратқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ инженерлік-техникалық құралдардың, ақпараттық жүйелердің және автоматтандырылған дерекқорлардың конфигурациясы мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол бермеуге міндетті. 

13. Егер мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылық фактісі анықталса, уәкілетті органның лауазымды адамы өкілеттіктері шегінде бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға міндетті. 

4-тарау. ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚҚА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫҢ ӨТКІЗІЛУІН БАҚЫЛАУ

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться