Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 27 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
27-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау түрлері

1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылау мынадай бақылау түрлері арқылы жүзеге асырылады: 

1) рұқсаттары бар өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспорты, импорты, транзиті кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілуін бақылау; 

2) құжаттарды және мәліметтерді тексеру; 

3) қарап-тексеру немесе жете тексеру, оның ішінде өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы. 

2. Мемлекеттік кірістер органы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы рұқсатсыз өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарлар анықталған жағдайда өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортына, импортына немесе транзитіне тыйым салу туралы шешім қабылдайды және өз шешімін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғалардың немесе заңды тұлға өкілдерінің, ал олар болмаған кезде көлік (тасымалдау) құжатына белгілер қою арқылы өзіндік ерекшелігі бар тауарлар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғалардың назарына жеткізеді. 

3. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылаудың техникалық құралдарының тізбесі мен оларды қолдану тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
Статья 1 ...25 26 27 28 29 ...36

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться