Ст. 21 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
21-бап. Мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi даналары және теле-, радиобағдарламалардың материалдарын сақтау
1. Бұқаралық ақпарат құралының меншік иесі мерзiмдi баспасөз басылымдарының қағаз жеткізгіштегі мiндеттi тегiн даналарын олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде – ұлттық кiтапханаларға және Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына, бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жiбереді. Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық нысандары олар шығарылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "орталық" мәртебесі берілген мемлекеттік кітапханасына жiберіледi.
Бас редактордың (редактордың) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған мерзiмдi баспасөз басылымдарының мiндеттi тегiн даналарының электрондық нысандары олар әзірленген күнi уәкiлеттi органға жiберіледi.
2. Теле-, радиоарналар өздерінің эфирге шығарылған теле-, радиобағдарламаларының жазбаларын алты ай бойы сақтауға, сондай-ақ оларды өзiнiң эфирлiк жұмысының тiркеу журналында тіркеп қоюға және оны осы журналда соңғы жазба жасалған кезден бастап кемiнде бiр жыл сақтауға мiндеттi. Тарихи немесе мәдени құндылығы бар жазбалар Қазақстан Республикасының ұлттық архив қоры және архивтер туралы заңнамасында айқындалатын тәртiппен сақталады.
3. Уәкілетті орган мерзiмдi баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архивін қалыптастырады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей