Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.11.2024

О масс-медиа
22-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою немесе қайта есепке қою

1. Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін мерзімді баспасөз басылымдары, теле-, радиоарналар міндетті түрде есепке қойылуға жатады. 

Бір ұйымның шегінде таратылатын және оның қызметін жариялауға бағытталған, таралымы бес жүз данадан кем мерзімді баспасөз басылымдарын, сот практикасының бюллетеньдерін, ресми, нормативтік және өзге де актілерді есепке қою талап етілмейді. 

Осы Заңның 19-бабына сәйкес интернет-ресурстың өз қызметін интернет-басылым ретінде жүзеге асыруға құқығы бар. 

2. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды және теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

3. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қойған кезде, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның есепке қойылғанын куәландыратын құжаттың телнұсқасын алған кезде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен алым алынады. 

4. Уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша: 

1) егер уәкiлеттi орган бұрын сол атаумен және сол аумақта тарататын не оның атауы бұрын құрылған мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның, теле-, радиоарнаның атауымен айырғысыз дәрежеде ұқсас мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды, теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлiк берген болса; 

2) егер мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келмесе не егер теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініштің мазмұны осы баптың 6-тармағының талаптарына сәйкес келмесе; 

3) егер мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою үшiн алым төленбесе; 

4) егер меншiк иесiнiң ауысуына орай мерзiмдi баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны қайта есепке қою туралы өтiнiште мерзiмдi баспасөз басылымына, интернет-басылымға немесе теле-, радиоарнаға меншiк құқықтарын басқа тұлғаға беруді растайтын шарттың күні мен нөмірі көрсетілмесе; 

5) егер шығарылуын бұрын сот тоқтатқан, атауы (атауының бiр бөлiгi) бірдей және тақырыптық бағыты дәл сондай мерзiмдi баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна есепке қоюға мәлімделген болса, не атауы мен тақырыптық бағытын қайталайтын мерзiмдi баспасөз басылымы, интернет-басылым немесе теле-, радиоарна мәлімделген болса, сондай-ақ шығарылуы сот шешiмiмен тоқтатылған мерзiмдi баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның меншiк иесi немесе бас редакторы (редакторы) соттың шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл iшiнде өтiнiш берген жағдайда есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәлiк беруден бас тартады. 

5. Мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініште мыналар көрсетілуге тиіс: 

1) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның меншік иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның меншік иесінің – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері; 

2) мерзімді баспасөз басылымының немесе интернет-басылымның материалдары мен хабарларының тілі (тілдері); 

3) шығарылымның болжамды мерзімділігі; 

4) негізгі тақырыптық бағыты; 

5) таралатын аумағы; 

6) бас редактордың (редактордың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе); 

7) редакцияның мекенжайы. 

6. Теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы өтініште мыналар көрсетілуге тиіс: 

1) теле-, радиоарнаның меншік иесінің – жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жері, теле-, радиоарнаның меншік иесінің – заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, орналасқан жері, ұйымдық-құқықтық нысаны; 

2) меншікті және ретрансляцияланатын хабар таратуының орташа тәуліктік көлемі көрсетіле отырып, теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты. 

Өтінішке мыналар қоса беріледі: 

1) трансляцияланатын және ретрансляцияланатын теле-, радиобағдарламаларды жазып алу және алты ай бойы сақтау туралы міндеттеме; 

2) теле-, радиоарнаның меншік иесінің кірер есігі бөлек үй-жайлар мен алаңдарға немесе оларды жалға алуға, оның ішінде:  

телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған арнаулы үй-жайларға (студиялық, аппараттық, қосалқы); 

шығармашылық персоналды орналастыруға арналған үй-жайларға (редакциялық); 

әкімшілік-басқару персоналына арналған үй-жайларға мүліктік құқықтарының болуы туралы мәліметтер нысаны. 

7. Мерзімді баспасөз басылымының меншік иесі есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап үш ай ішінде мерзімді баспасөз басылымының өнімін шығаруға кірісу құқығын сақтайды. 

Теле-, радиоарнаның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап алты ай ішінде теле-, радио бағдарламаларды таратуға кірісу құқығын сақтайды. 

Интернет-басылымның меншік иелері есепке қою туралы куәлікті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабарлар мен материалдарды таратуға кірісуге тиіс. 

8. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның шығарылуын сот тоқтата тұрған жағдайларды қоспағанда, мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның өнімін шығару мерзімін өткізіп алған, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның немесе теле-, радиоарнаның өнімін шығару үш ай бойы тоқтап қалған жағдайларда, уәкілетті органның шешімімен мерзімді баспасөз басылымын, интернет-басылымды немесе теле-, радиоарнаны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады. 

Егер мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша интернет-басылымның меншік иесінің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқаны анықталса, уәкілетті органның шешімімен интернет-басылымды есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күші жойылды деп танылады. 

9. Мерзімді баспасөз басылымының, интернет-басылымның меншік иесі ауысқан немесе оның атауы, сондай-ақ басылымның, материалдар мен хабарлардың атауы, тілі, таралатын аумағы, негізгі тақырыптық бағыты және шығару мерзімділігі өзгерген жағдайларда қайта есепке қойылуға жатады. 

Теле-, радиоарнаның меншiк иесi ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ теле-, радиоарнаның аты өзгерген жағдайларда ол қайта есепке қойылуға жатады.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...70

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.


Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться