Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

О масс-медиа
23-бап. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру, тоқтату тәртібі

1. Уәкілетті органда есепке қойылған масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығару не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін. 

2. Тоқтата тұру деп мерзімді баспасөз басылымының бiр немесе бiрнеше нөмiрiн шығаруды, теле-, радиобағдарламаның, теле-, радиоарнаның эфирге шығуын уақытша тоқтату, интернет-басылымның қызметін, сондай-ақ масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұруға негіз болған себептер жойылғанға дейін уақытша тоқтата тұру түсiнiледi. 

Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды үш айдан аспайтын мерзiмге тоқтата тұруға жол беріледі. 

3. Қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттау немесе үгiттеу, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария ету, өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды насихаттау, порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды тарату, сондай-ақ кино-, бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарын сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзу, шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бiр нәтижеге қол жеткiзуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбiт жиналыстарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы, интернетте авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 22-бабының 9-тармағында көзделген талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн таратуды тоқтата тұруға негiз болып табылады. 

4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтатуға негіз болып табылады. 

5. Масс-медианы немесе бұқаралық ақпарат құралын шығару не масс-медиа немесе бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің не соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті органға хабарлама және (немесе) сот шешімі жіберіледі. 

Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою немесе қайта есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға алып келеді. 

6. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығару не масс-медиа өнімін тарату заңды күшіне енген сот шешімі бойынша тоқтатыла тұрған не тоқтатылған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, масс-медианың меншік иелері Қазақстан Республикасының аумағында масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға міндетті. 

7. Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтата тұру туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен пайдалануға үш айдан аспайтын мерзімге тыйым салуға алып келеді. 

Масс-медиа интернет-ресурс болып табылғанда, масс-медианы шығаруды не масс-медиа өнімін таратуды тоқтату туралы сот шешімі домендік атты тіркеудің күшін жоюға және тіркелуі сот шешімімен жойылған домендік атты дәл сол немесе қайталанатын атаумен бір жыл ішінде пайдалануға тыйым салуға алып келеді.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...70

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться