Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.11.2024

О масс-медиа
25-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдан бас тартудың негіздері

1. Уәкілетті орган, егер: 

1) өтініш уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмесе; 

2) теле-, радиоарнаны есепке қою үшін алым төленбесе; 

3) шетелдік теле-, радиоарнаның материалдары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, экстремизмдi немесе терроризмді, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты насихаттауды және үгiттеуді, ұлтаралық және конфессияаралық араздықты қоздыруға бағытталған ақпаратты, сондай-ақ порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы кино-, бейнеөнiмдердi, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты қамтыса; 

4) дінтану сараптамасының нәтижелері бойынша теріс қорытынды болса; 

5) шетелдік теле-, радиоарнаның өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының аумағында оны таратуға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі болса; 

6) "электрондық үкіметтің" веб-порталында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) немесе филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер болмаса, шетелдік телерадиокомпания өкіліне шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлік беруден бас тартады. 

2. Шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қоюдан бас тарту кезінде шетелдік телерадиокомпания өкіліне уәжді бас тарту жазбаша түрде беріледі. 

3. Егер шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының аумағында жаңа заңды тұлғаны немесе филиалды (өкілдікті) құрмай, заңды тұлғаның қызметін тоқтатса немесе филиалды (өкілдікті) осы Заңның 24-бабының 2-тармағында көзделген есептік тіркеуден шығарса, уәкілетті орган күнтізбелік он бес күн ішінде шетелдік теле-, радиоарнаны есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алады. 

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шетелдік теле-, радиоарна Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайларда уәкілетті орган есепке қою туралы куәлікті кері қайтарып алу үшін сотқа жүгінеді. 

5. Егер шетелдік теле-, радиоарнадан есепке қою туралы куәлік кері қайтарып алынса, уәкілетті орган телерадио хабарларын тарату операторларына Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаның трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын шектеу бойынша шаралар қабылдау туралы нұсқама шығарады. 

6. Сот шетелдік теле-, радиоарна тарататын ақпаратты Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына қайшы келеді деп таныса, Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік теле-, радиоарнаны тарату тоқтатыла тұрады не тоқтатылады. 

3-тарау. ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...70

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.


Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные


Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться