Ст. 24 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
24-бап. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметі
1. Телерадио хабарларын тарату операторлары Қазақстан Республикасының аумағында тарататын шетелдік теле-, радиоарналар уәкілетті органда міндетті есепке қойылуға жатады. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қоюды, қайта есепке қоюды шетелдік телерадиокомпаниялардың өкілдері жүзеге асырады.
Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою, қайта есепке қою уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыру үшін шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелері:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен заңды тұлғаны міндетті мемлекеттік тіркеуді немесе шетелдік заңды тұлғаның филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуді жүргізеді;
2) шетелдік теле-, радиоарнаның апта сайынғы хабар тарату көлемінде отандық теле-, радио бағдарламаларды теле-, радиобағдарламалардың жалпы көлемінің кемінде он пайызы мөлшерінде үш айда бір рет жаңарта отырып трансляциялауды қамтамасыз етеді және (немесе) дәл осындай талаптарға сәйкес трансляцияланатын білім беру, мәдени-ағарту, спорттық-ойын-сауық және демалу сипатындағы теле-, радиобағдарламалардың мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз етеді.
3. Шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою олардың өнімін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тұрғысынан сараптаудан кейін жүзеге асырылады.
Діни бағыттағы шетелдік теле-, радиоарналарды есепке қою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетін дінтану сараптамасынан кейін жүзеге асырылады.
4. Жарғылық капиталында толық немесе ішінара мемлекеттік акциялар (қатысу үлестері, пайлар) пакеті бар Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік теле-, радиоарналардың меншік иелерінің, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалардың қызметі Қазақстан Республикасының аумағында жарғылық капиталына шетелдік заңды тұлғалар акцияларының (қатысу үлестерінің, пайларының) пакеті жиырма пайыздан аспай қатысатын заңды тұлғаны құра отырып жүзеге асырылады.
Мыналар:
1) сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар;
2) тағайындау кезінде заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар азаматтар;
3) шетелдіктер не азаматтығы жоқ адамдар;
4) сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жыл ішінде, өздерінің кінәсінен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) сот шешімімен тоқтатылған бұқаралық ақпарат құралының бас редакторлары (редакторлары) болған азаматтар аталған заңды тұлғаның басшысы және (немесе) теле-, радиоарнаны эфирге дайындауды және оның шығуын жүзеге асыратын адам (редактор) бола алмайды.
5. Шетелдік теле-, радиоарнаны қайта есепке қою теле-, радиоарнаның меншік иесі ауысқан не заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, аты, негізгі тақырыптық бағыты өзгерген, Қазақстан Республикасының аумағында заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу рәсімінен өткен жаңа заңды тұлға немесе филиал (өкілдік) құрылған жағдайларда жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей