Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 67 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

О масс-медиа
67-бап. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

1. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді. 

2. Азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе ұйымның (мемлекеттiк органның, азаматтардың қоғамдық, шығармашылық, ғылыми, дiни не өзге де бiрлестiгiнiң және заңды тұлғалардың) іскерлік беделіне нұқсан келтiретiн, шындыққа сай келмейтiн мәлiметтердi тарату, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сотқа ықпал жасау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа алып келеді. 

3. Қазақстан Республикасының масс-медиа туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың оған кiнәлi лауазымды адамдары, сондай-ақ масс-медианың меншік иесi, бұқаралық ақпарат құралының таратушысы, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы), таратылған хабарлар мен материалдардың авторлары жауапты болады. 

4. Масс-медианың меншiк иесi, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектестерді және прекурсорларды, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттайтын немесе үгіттейтін хабарлар мен материалдарды таратқаны үшін, олардың алынған дереккөздеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.  

5. Масс-медиа, егер мұндай ақпаратты тарату ауыр және (немесе) аса ауыр қылмыстар жасауда сот кінәлі деп таныған кәмелетке толмағандарды қоспағанда, құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның және әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген және (немесе) айып тағылған кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, таратылатын хабарлар мен материалдарда олардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері туралы ақпаратты қоса алғанда, осы Заңның 14-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жария етуге құқылы емес. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат: 

1) құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен он төрт жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің; 

2) құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен он төрт жасқа толмаған кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің; 

3) әкімшілік және (немесе) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған он алты жасқа толған кәмелетке толмаған адамның және оның заңды өкілдерінің келісімімен масс-медиада таратылуы мүмкін. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдардың бірі масс-медиада ақпарат таратуға өз келісімін бермеген жағдайда, мынадай: 

1) он төрт жасқа толған және құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсіздік) салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның немесе егер заңды өкіл осы құқыққа қайшы әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) жасалуына күдікті немесе айыпталушы болып табылса, оның заңды өкілдерінің келісімінсіз; 

2) зардап шеккен кәмелетке толмаған адамның бір заңды өкілі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерде болған және оның келісімін алу мүмкін болмаған жағдайда екінші заңды өкілінің келісімімен болатын жағдайларды қоспағанда, осы ақпаратты таратуға тыйым салынады. 

6. Масс-медиа қылмысты тергеп-тексеруге, қылмыс жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, жоғалған кәмелетке толмағандарға іздеу салуға жәрдемдесу мақсатында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемде және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде белгіленген талаптарды сақтай отырып, қылмыстық процесті жүргізетін органдардан алынған процестік құжаттар негізінде осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде белгіленген адамдардың келісімін алмай, кәмелетке толмаған адамға қатысты мәліметтерді таратуға құқылы. 

7. Журналистiң (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа алып келеді.

Статья 1 ...65 66 67 68 69 70

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться