Ст. 69 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
69-бап. Өтпелі ережелер
1. Уәкілетті органның цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімдерін белгілеу жөніндегі актілерінде айқындалған әкімшілік-аумақтық бірліктерді қоспағанда, цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін аналогтік эфирлік телерадио хабарларын таратудың жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. 2. Уәкілетті орган цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібіне сәйкес цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу мерзiмдерiн оған көшкенге дейін кемiнде алты ай бұрын белгілейді.
Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік емес еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды тарату бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің аумағында цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшу цифрлық эфирлiк телерадио хабарларын таратуға көшудің уәкілетті орган айқындаған тәртібі мен мерзімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін телеарналар үшін барлық бұрын берілген телевизиялық хабарларды таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар мен жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсаттар қолданылады. Бұл ретте телерадиокомпаниялар осы Заңның талаптарына сәйкес цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейінгі бір жыл ішінде телеарналарды есепке қоюды жүзеге асыруға міндетті.
4. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу кезінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) арқылы таратылатын телеарналар осы жиіліктерді, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) босатады.
Әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында аналогтік жиіліктер белдеулері, радиожиіліктер (радиожиілік арналары) арқылы таратылатын телеарналарды уәкілетті орган нақ осы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында конкурс өткізбестен цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату желісіндегі еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне міндетті түрде қосады.
Телеарна еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың бекітілген тізбесінде болмаған жағдайда телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы техникалық мүмкіндік болған кезде хабар таратудың цифрлық эфирлік желісі арқылы таратылатын теле-, радиоарналар топтамасының құрамына оны өз бетінше қосуға құқылы.
Осы теле-, радиоарналарды тарату жасалған шарттар негізінде белгіленген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.
5. Цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкеннен кейін уәкілетті орган айқындаған тізбе бойынша цифрлық эфирлік телехабар таратумен қамтылмайтын әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағындағы аналогтік жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) қоспағанда, аналогтік телерадио хабарларын тарату кезінде телеарналарға берілген радиожиілік спектрін пайдалануға арналған рұқсаттар мен теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға арналған лицензиялар өз қолданысын тоқтатады.
6. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату арқылы еркін қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялауды қамтамасыз ету мақсатында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) пайдалануға арналған рұқсатты конкурс өткізілместен алады.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшкенге дейін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
Жалғамалармен қамтамасыз ету жеке өзінің атынан немесе отбасының және өзімен үнемі бірге тұратын басқа да адамдардың атынан жүгінген бір мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыға бір жалғама деген есеппен жүргізіледі.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады, жалғамалар алушыға, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа адамдарға қайта берілмейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей