Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 25-5 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Микроқаржы ұйымдары туралы
25-5-бап. Микроқаржы ұйымын мемлекеттік қайта тіркеу және банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру

1. Уәкілетті орган осы Заңның 25-3-бабының 3-тармағында көрсетілген есепті мақұлдағаннан кейін микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу үшін микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгінуге міндетті. 

2. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға бұрын берілген лицензия микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелген кезден бастап өз қолданысын тоқтатады. 

3. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, уәкілетті органға "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабында көзделген тәртіппен банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.  

4. Банк операцияларын немесе өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беруден бас тарту "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабында көзделген жағдайларда жүргізіледі. 

5. Микроқаржы ұйымына банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия берілген кезден бастап микроқаржы ұйымын банкке айналдыру аяқталды деп есептеледі. 

Ескерту. 3-тарау 25-5-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. МИКРОҚАРЖЫ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ, ОЛАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

Статья 1 ...25‑3 25‑4 25‑5 26 27 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться