Ст. 25-3 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V
Микроқаржы ұйымдары туралы
25-3-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын микроқаржы ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.
2. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында іске асыру мерзімдерін қоса алғанда, мынадай іс-шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы қамтылуға тиіс:
1) банктің банк операцияларын жүргізу туралы шарттардың үлгілік шарттарын әзірлеу;
2) айналдыру туралы хабарландыруды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау және микроқаржы ұйымының интернет-ресурсында орналастыру;
3) қызметтің жаңа түрлерін ескере отырып, микроқаржы ұйымын корпоративтік басқаруды және оның ішкі саясаттары мен рәсімдерін, өзге де ішкі құжаттарын қайта қарау және өзгерту;
4) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлерін айқындау;
5) осы Заңның 25-4-бабына сәйкес микрокредит беру туралы шарттар бойынша клиенттермен жұмыс жүргізу;
6) барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін, бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітаптың жүргізілуін автоматтандыру бойынша үй-жайларды, жабдықты және бағдарламалық қамтылымды дайындау, банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуі үшін бағдарламалық қамтылымды пысықтау, тиісті персоналды жалдау үшін қызметкерлердің тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесінің, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларының, ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ереженің жобаларын дайындау;
7) қойылатын талаптары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделетін автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділік бар, банктің атқарушы органы орналасатын елді мекенде меншікті үй-жайды дайындау;
8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу;
9) осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға ұсыну;
10) микроқаржы ұйымын банк етіп мемлекеттік қайта тіркеу туралы өтінішпен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жүгіну;
11) микроқаржы ұйымы банк болып мемлекеттік қайта тіркелгеннен кейін банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын, қызметкерлердің тегін, атын және әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) көрсете отырып, штат кестесін бекіту, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі, кредит комитеті туралы ережені бекітуі;
12) банктің банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну;
13) микроқаржы ұйымын банкке айналдырудың осы Заңның 25-4-бабының 4-тармағында көрсетілген мерзімнен аспауға тиісті жоспарланатын мерзімі;
14) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру үшін қажетті өзге де іс-шаралар.
3. Уәкілетті органның рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей, микроқаржы ұйымы уәкілетті органға іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті ұсынады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген есепке ескертулер болған кезде уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан қосымша іс-шаралардың орындалуын және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттардың берілуін талап етуге құқылы. Микроқаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін ескеруге (талап етілетін қосымша іс-шараларды орындауға және (немесе) қосымша ақпарат пен құжаттарды беруге) және уәкілетті орган белгілеген мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есепті уәкілетті органға қайта ұсынуға міндетті.
5. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуы туралы есеп уәкілетті органға ұсынылған күннен бастап екі ай ішінде оны мақұлдайды немесе мақұлдаудан бас тартады.
Ескерту. 3-тарау 25-3-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей