Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20-4 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы
20-4-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері

1. Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің: 

1) Қазақстан Республикасының Конституциясында және Еңбек кодексінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға; 

2) өз өкiлеттiктерi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге; 

3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға; 

4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ұйымдарға, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдарына баруға; 

5) басшыдан Қазақстан Ұлттық Банкi және оның ведомстволары қызметшілерінің атқаратын лауазымына сәйкес лауазымдық өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл айқындауды талап етуге; 

6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылардың, өзге де жеке тұлғалар мен лауазымды адамдардың өзiне әдiл әрі құрметпен қарауына; 

7) Қазақстан Ұлттық Банкi бюджетінің қаражаты (шығыстар сметасы) есебiнен оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға; 

8) өздерiнiң лауазымдық өкілеттіктеріне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған кезде жеке түсiнiктемелер беруге; 

9) бiлiктiлiгi, қабілетi, өзiнiң лауазымдық өкілеттіктерін адал орындауы ескеріле отырып, лауазымы бойынша жоғарылауға; 

10) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге; 

11) педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға құқығы бар. 

2. Қазақстан Ұлттық Банкiнің және оның ведомстволарының қызметшілері: 

1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; 

2) Қазақстан Ұлттық Банкі айқындаған тәртiппен ант беруге; 

3) жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің филиалдары құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде аталған тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; 

4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға; 

5) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде алатын, жеке тұлғалардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан осындай ақпарат берудi талап етпеуге; 

7) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге; 

8) өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы басшылықтың немесе құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге; 

9) лауазымдық өкілеттіктерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейін және біліктілігін арттыруға; 

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автоматтандырылған ақпараттық кіші жүйелермен жұмыс істеген кезде (оларға қолжетімділік болғанда) алынған ақпаратты қоса алғанда, өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде кез келген жеткізгіш түрінде, қабылдау үшін кез келген қолжетімді нысанда алынған қызметтік, коммерциялық, банктік құпияны, сақтандыру, зейнетақы жинақтары құпиясын және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, сондай-ақ басқа да ақпаратты үшінші тұлғаларға жария етпеуге; 

11) Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомствосының қызметшісі лауазымына орналасқан күннен бастап бір ай мерзімде инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлікпен басқаруға беруге және сенімгерлікпен басқару жөніндегі шарттың нотариат куәландырған көшірмесін Қазақстан Ұлттық Банкінің кадр қызметіне табыс етуге міндетті. 

3. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері инвестициялық қорлардың пайларын, коммерциялық ұйымдардың облигацияларын, акцияларын сатып алуға құқылы емес. 

4. Қазақстан Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілері өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне қарай Қазақстан Ұлттық Банкінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тексерілетін субъектілердің қызметіне тексерулерді жүзеге асырған жағдайда, лауазымдық өкілеттіктерін нақты және бейтарап орындауына кедергі келтіруі мүмкін барлық мән-жай туралы, оның ішінде: 

1) тексерілетін субъектілердің басшы қызметкерлері болып табылатын жақын туыстары (жекжаттары), жұбайлары; 

2) тексерілетін субъектілерде жұмыс істейтін жақын туыстары немесе жұбайлары; 

3) тексерілетін субъектілерден алған қарыздары және тексерілетін субъектілер алдындағы өзге де мүліктік міндеттемелері туралы жоғары тұрған басшылыққа дереу хабарлауға міндетті. 

Ескерту. 20-4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 422-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 26.07.2016 № 12-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 166-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...20‑2 20‑3 20‑4 20‑5 20‑6 ...74

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться