Ст. 85 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
85-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу
1. Мынадай жағдайларды: 1) авариялық жағдай қатері немесе оның туындауы, персоналдың өміріне немесе халық денсаулығына және қоршаған ортаға қатер төнуі;
2) ұңғымалар объектілерін сынау, кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде;
3) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға тыйым салынады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатсыз жол беріледі.
Бұл ретте, жер қойнауын пайдаланушы мұндай жағу туралы мұнай және газ саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдарды он күн ішінде жазбаша хабарландыруға міндетті.
Мұндай хабарламада ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу себептері және жағылатын газдың көлемі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс.
3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен әдiстеме бойынша есептелген нормативтер мен көлемдер шегiнде жер қойнауын пайдаланушы жобалау құжаттарын сақтаған жағдайда, мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша жол берiледi.
Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсат беру тәртібін мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді.
4. Ұңғыма объектілерін сынау кезінде газды жағуға бекітілген жобаға сәйкес әрбір ұңғыма объектісі үшін үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
Кен орындарын сынамалы пайдалану кезінде газды жағуға үш жылдан аспайтын жалпы мерзімге рұқсат берілуі мүмкін.
5. Технологиялық жабдықты іске қосу-баптау кезінде газды жағу іске қосу-баптау жұмыстарымен байланысты кезең ішінде жүзеге асырылады.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды жағу жабдықтарды пайдалану кезінде газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағудың көлемінен аспайтын, реттелетін көлемде жүзеге асырылады.
5-1. Технологиялық жабдықтың жұмысында технологиялық іркілістер, істен шығулар мен ауытқулар болған жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы тергеп-тексеру жүргізуге және мұнай және газ саласындағы уәкілетті органдарға технологиялық іркілістердің, істен шығулар мен ауытқулардың себептерін көрсете отырып, тоқсан сайынғы есептерді беруге міндетті.
6. Алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 85-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.13 № 542-IV (2015.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 66-бап. Өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау құжаттары Лицензиялау туралы 44-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық алым Лицензиялау туралы 45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту Халықаралық төрелiк туралы 25-1-бап. Тараптардың төрелік отырысына қатысуы Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 13-бап. Мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей