Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 86 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
86-бап. Ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату және өңдеу

1. Ілеспе және (немесе) табиғи газды өңдемей және (немесе) кәдеге жаратпай мұнай-газ кен орындарын өнеркәсіптік игеруге тыйым салынады. 

2. Көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қоршаған ортаға зиянды барынша азайтуға, көмірсутек газын жағу көлемін барынша азайтуға, ілеспе газды, оны өңдеуді қоса алғанда, ұтымды және кешенді пайдалануға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті. 

3. Егер келісімшартта өзгеше белгіленбесе, ілеспе газ мемлекеттің меншігі болып табылады. 

4. Ілеспе газды өңдеу жөніндегі міндеттемелер осы Заң қолданысқа енгенге дейін жасалған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдаланушы мен құзыретті органның арасындағы бөлек келісіммен ресімделеді және көмірсутек шикізатын өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшартқа қосымша болып табылады. 

5. Ілеспе газды өңдеу тиімсіз кейбір кен орындарында жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың келісуі бойынша мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның шешімімен оны технологиялық мұқтаждықтарға пайдалану, қат ішінің қысымын сақтау, арттыру мақсатында қатқа айдау жолымен өңдемей кәдеге жаратуға рұқсат етіледі. 

6. Көмірсутекті кен орнын өнеркәсіптік игеру жөніндегі жобалық құжаттамада ілеспе газды өңдеу (кәдеге жарату) жөніндегі бөлім міндетті түрде қамтылуға тиіс. 

7. Мемлекеттің маңызды стратегиялық ресурсы ретінде ілеспе газды ұтымды пайдалануға қол жеткізу мақсатында көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар мен мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ілеспе газды пайдалану жөніндегі жобаларды бірлесіп игеруді жүзеге асыра алады. 

8. Жер қойнауын пайдаланушылар мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның бекітуіне және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен келісуге жататын, ілеспе газды қайта өңдеуді дамыту бағдарламаларын көздеуге міндетті, олар ілеспе газды жағу немесе қатқа кері айдау (кәдеге жарату) көлемдерін қысқарту арқылы ілеспе газды ұтымды пайдалану және оның қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету мақсатында әр үш жыл сайын жаңартылып отырылуға тиіс. 

Жер қойнауын пайдаланушы бағдарламалардың орындалуы туралы есептерді мұнай және газ саласындағы және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органдарға жыл сайын жіберуге тиіс. 

9. Осы баптың 1-тармағының күші 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға, егер олар 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейін мемлекеттік органда бекітілген (келісілген) немесе 2006 жылғы 1 шілдеге дейін құзыретті органда және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органда келісілген болса, ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату жөніндегі бағдарламаларды іске асыру мерзімдері аяқталғанға дейін қолданылмайды. 

Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 271-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 25.04.2016 № 505-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...84 85 86 87 88 ...130

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться