Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 44 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
44-бап. Электрондық ақшаны пайдалану және өтеу

1. Электрондық ақшаны оның иесі азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру, сондай-ақ электрондық ақша жүйесі қағидаларында айқындалған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шарттарда өзге де операцияларды жүргізу мақсатында пайдаланады. 

1-1. Электрондық ақша пайдаланылатын төлемдер мен өзге де операцияларды олардың иесі электрондық ақшаның сәйкестендірілген иесінің пайдасына жүзеге асырады. 

Иесі сәйкестендірілмеген жеке тұлға болып табылатын электрондық ақша электрондық ақша эмитентінің өтеуіне және агентке өткізуіне (агенттің сатып алуына) жатпайды. 

2. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау кезінде дара кәсіпкердің және (немесе) заңды тұлғаның электрондық ақшаны төлемақы ретінде қабылдауы электрондық ақша эмитентімен не электрондық ақша жүйесіне қатысушы болып табылатын өзге де банкпен жасалған шарттың негізінде жүзеге асырылады. 

Азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау кезінде электрондық ақша жүйесінде электрондық ақшаны алған дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қабылданған төлем сомасында электрондық ақша эмитентіне ақшаны талап ету құқығы туындайды. 

3. Электрондық ақша эмитенті және электрондық ақша жүйесінің операторы "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес алаяқтықты және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмді қаржыландыруды анықтау, сондай-ақ болғызбау мақсатында электрондық ақша жүйесінде ұйымдастырушылық пен рәсімдік іс-шараларды қамтамасыз ету және енгізу жөнінде шаралар қабылдайды. 

Электрондық ақша жүйесінің операторы "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсынады. 

Электрондық ақша эмитенті қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға банк болып табылмайтын электрондық ақша операторлары туралы мәліметтерді олармен тиісті шарт жасасқаннан кейін береді. 

4. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі – жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. 

Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі – жеке тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. 

Электрондық ақша иесі – дара кәсіпкер немесе заңды тұлға жасайтын бір операцияның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. 

5. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі – жеке тұлғаның бір электрондық құрылғысында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспайды. 

Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянында сақталатын электрондық ақшаның ең жоғары сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. 

5-1. Электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. 

Электрондық ақшаның оңайлатылып сәйкестендірілген иесі – жеке тұлғаның электрондық әмиянынан электрондық ақшаның сәйкестендірілген не оңайлатылып сәйкестендірілген иесінің электрондық әмиянына электрондық ақша пайдаланыла отырып жұмыс күні ішінде жасалған төлемдердің және (немесе) өзге де операциялардың жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш жүз еселенген мөлшеріне тең сомадан аспауға тиіс. 

6. Егер электрондық ақша эмитенті мен электрондық ақша иесі – жеке тұлға арасында жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, электрондық ақшаны өтеуді электрондық ақша эмитенті оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын сәйкестендірілген электрондық ақша иесінің – жеке тұлғаның банктік шотына аудару не оған қолма-қол ақшаны беру арқылы жүзеге асырады. 

7. Электрондық ақшаның иесінен электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу кезінде комиссиялық сыйақыны, сондай-ақ электрондық ақшаның эмитенті көрсететін қосымша қызметтер үшін төлемді алу электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу туралы шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

8. Егер электрондық ақша эмитенті мен дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалған шартта өзгеше мерзім көзделмесе, электрондық ақша эмитенті азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ақы төлеу кезінде жеке тұлғалардан дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақшаны олардың пайдасына электрондық ақша түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтеуді жүзеге асырады. 

Бағалы қағаздармен операцияларды жүргізген, электрондық ақшаны пайдалана отырып, сыйақы төлеген, электрондық ақша пайдалануды ынталандырумен байланысты төлем кезінде заңды тұлғаның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға электрондық ақшаны аударуына жол беріледі. 

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға алған электрондық ақша аудару кезінде ақшаны қайтару үшін осы Заңда көзделген негіздер бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәміле бұзылған жағдайда, оларды ақы төлеуші - жеке тұлғаға қайтару кезінде өтелуге жатпайды. 

Егер электрондық ақша эмитенті немесе электрондық ақша жүйесінің операторы және электрондық ақша иесі арасын да жасалған шартта электрондық ақша эмитентінің немесе электрондық ақша жүйесі операторының өзге комиссиялық сыйақысы көзделмесе, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар иелері болып табылатын электрондық ақшаны өтеу оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның банктік шотына аудару арқылы жүзеге асырылады. 

9. Электрондық ақша иелері және оларға тиесілі сомалар туралы, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдаланып жасалған операциялар туралы мәліметтерді тұлғаларға электрондық ақшаның эмитенті не электрондық ақша жүйесінің операторы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабында көзделген негіздер бойынша және шектерде береді. 

10. Электрондық ақша иесі – жеке тұлғаның банктік шотына немесе электрондық төлем құралына ақша аудару арқылы электрондық ақшаны өтеуді банктік шоттың немесе электрондық төлем құралының осы жеке тұлғаға тиесілілігі туралы растауды алмай жүзеге асыруға тыйым салынады. 

Ескерту. 44-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-тарау. ТАПСЫРМА НЕМЕСЕ ТАЛАП НЫСАНЫНДАҒЫ НҰСҚАУДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОРЫНДАУ

Статья 1 ...42 43 44 45 46 ...60

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться