Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 33 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.11.2025

Құқық қорғау қызметi туралы
33-бап. Қызмет бабында өсіру

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Қызметкерлерді қызмет бабында өсіру кадр резервінде тұрған қызметкерлер қатарынан не конкурстық негізде, олар қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ iскерлiк және жеке қасиеттерi, қызметтік жұмыс нәтижелері ескерiле отырып жүргiзiледi. 

1-1. Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін, жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды. 

Жоғары тұрған басшы лауазымға арналған конкурсқа құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері қатысуға құқылы. 

Құқық қорғау органының, оның ведомстволарының, мекемелерінің, білім беру ұйымдарының, аумақтық немесе оларға теңестірілген бөлімшелерінің қызметкерлері арасында конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде конкурс өткізіледі, оған басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатыса алады. 

Конкурсты барлық құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақты алып тастау көзделген – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Кадр резервіне қойылған басшы құрамдағы адамдардың кәсiби даярлығын жетiлдiру жөнiндегi жұмыс құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...31 32 33 33‑1 34 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

да, можно, но не автоматически — всё зависит от законодательства о закупках и условий конкурсной документации.


Добрый день!

Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться