Ст. 52 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
52-бап. Аттестаттау комиссиясының шешімі
Аттестаттау комиссиясының шешімі қызметкерді жоғары тұрған немесе жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру, қызметкердің лауазымын төмендету немесе оны қызметтен шығару үшін негіз болып табылады. Аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сай еместігі туралы шешімі мынадай негіздердің бірі немесе бірнешеуі ескеріле отырып қабылданады:
1) аттестатталатын қызметкердің тікелей басшысы дайындаған, аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымы мен ұсынымы бар қызметтік мінездеме, онда лауазымдық міндеттерін орындамауының немесе тиісінше орындамауының нақты фактілері көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуді және логикалық ойлауды компьютермен тестілеудің құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекті мәннен төмен нәтижесі (нәтижелері);
3) құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кәсіптік жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді орындамау;
4) жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды;
5) аттестаттау комиссиясы қызметкермен өткізген әңгімелесудің нәтижелері.
Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Құқық қорғау қызметi туралы 67-бап. Жерлеу шығындарын өтеу Құқық қорғау қызметi туралы 74-бап. Қысқа мерзімді демалыс Құқық қорғау қызметi туралы 53-бап. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағым жасау Құқық қорғау қызметi туралы 28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 33-бап. Қазыналық кәсiпорынды жедел басқару құқығының мазмұныРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей