Ст. 7 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
7-бап. Құқық қорғау қызметіне үміткерлерді іріктеу
1. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, осы баптың 3-тармағында және осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде не құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарындағы алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметіне іріктеу қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) және оның кәсіптік құзыреттерге сәйкестік дәрежесі ескеріле отырып жүргізіледі.
Қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды қызметке қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
2-1. Құқық қорғау органдарына қызметке қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ішкі істер органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
3. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс мыналар:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдар – оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде;
2) бұрын құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда қызмет өткерген және құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл қызмет өтілі бар адамдар;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын әскери қызметте болған және әскери лауазымдарды атқарған адамдар – кемінде үш жыл әскери қызмет өтілі болған кезде;
4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.
4. Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Құқық қорғау органының кадр қызметі қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін (цифрлық рейтингін) көрсете отырып жүргізеді.
6. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы 51-1-бап. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру Саяси партиялар туралы Құқық қорғау қызметi туралы 75-бап. Оқу демалысы Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 42-1-бап. Судьяны тәртіптік жауаптылыққа тарту кезіндегі оның құқықтарының кепілдіктеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей