Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
9-бап. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегі комиссиялар

1. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы саласындағы мемлекеттiк органдар мен мекемелердің қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган болып табылады. 

2. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия – балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан, ал облыстық, қалалық, аудандық – қалада, аудандық комиссиялар тиiстi жергiлiктi атқарушы орган (әкiмдiк) жанынан құрылады. 

3. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия аудан орталығынан едәуiр қашықтықта орналасқан кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi жанынан құрылуы мүмкiн. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi жанындағы кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның аудандық комиссияның құқықтары мен мiндеттерi болады. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк комиссияны құру туралы шешiмдi облыс әкiмдiгi қабылдайды, ал оның дербес құрамын тиiстi ауданның мәслихаты бекiтедi. 

4. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссия төраға, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелерi және хатшы құрамында құрылады. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің әкімі басқаратын кенттік, ауылдық комиссияны және ауылдық округ комиссиясын қоспағанда, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк әкiмiнің орынбасары комиссия төрағасы болып табылады. Хатшы тиісті мемлекеттiк органның аппаратында штаттық лауазымды атқарады. 

5. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның құрамына тиiстi мәслихаттардың депутаттары, iшкi iстер, бiлiм беру, мәдениет, денсаулық сақтау, әдiлет органдарының, жұмыспен қамту, қамқоршылық пен қорғаншылық мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасына мүдделi қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері кіреді. 

6. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар өз құзыретi шегiнде: 

1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады; 

2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, оларды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметін жетілдіруге бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлейдi; 

3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысады; 

4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың жай-күйiн зерделейдi және осы мәселелер бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргiзудi ұйымдастырады; 

5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсетеді және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз етедi; 

6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтап қорытады және таратады, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;  

7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдайды және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастырады; 

8) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдарына және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарына жiберу мәселелерi бойынша сотқа материалдар дайындауға қатысады; 

9) қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнен босатылған не арнаулы бiлiм беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыста орналастыруда, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту жөнiндегi өзге де функцияларды жүзеге асыруда мүдделi органдардың қызметiн үйлестiреді; 

10) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастырады; 

11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асырады; 

12) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіреді. 

7. Кәмелетке толмағандардың iсi және олардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияларды құру тәртiбi және олардың қызметiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.  

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.10 № 176-IV; 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...36

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться