Ст. 11 Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз жә 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы
11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары
1. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi – Орталық): 1) ата-анасын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау және оларға беру үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған;
3) арнаулы бiлiм беру ұйымдарына жiберілетін;
4) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншылық және қамқоршылық органының қаулысы;
3) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағанды жеткізген адамның өтініші негіздер болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандар Орталық әкімшілігі актісінің негiзiнде Орталыққа орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi. Кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынылады.
4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары қамтамасыз етедi.
5. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс.
6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты кірмейдi.
7. Орталыққа алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйдегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарының (ауруларының) көріністері бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
7-1. Орталыққа қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қаулысы бойынша орналастырылған кәмелетке толмағандар көрсетілген органның қаулысы негізінде ғана шығарылады.
8. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 № 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2019 № 240-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей