Ст. 51 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ
Өсімдіктер дүниесі туралы
51-бап. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) жабайы өсетін өсімдіктерді санкцияланбаған алып қоюды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының бекітіп берілген аумақтарында патрульдеуді жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған учаскелерде, сондай-ақ осы учаскелерге кіру және олардан шығу орындарында жеке тұлғаларды, көлік құралдарын тоқтатуға, оларды тексеріп-қарауды жүргізуге;
3) өсімдік ресурстарын дайындау (жинау) учаскелеріндегі және олардан шыққан кезде адамдардың өсімдіктер дүниесін пайдалану құқығына арналған құжаттарын қарап-тексеруге;
4) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген зиянның мөлшерлерін айқындауға, кінәлі адамдарға осы зиянды өз еркімен өтеу туралы талап қоюға не сотқа талаптар қоюға;
5) өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беруге;
7) мыналар:
кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту не қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жағдайында – Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы;
сот шешімі шығарылғанға дейін уақытша сақтау үшін осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген заңсыз өндірілген реттеу объектілерін, сондай-ақ осы үшін пайдаланылған құрылғыларды, тетіктер мен көлік құралдарын алып қою туралы қаулылар шығаруға құқығы бар.
Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында көзделген өзге құқықтар да қолданылады.
2. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей