Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 49 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Өсімдіктер дүниесі туралы
49-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы тексеруді жүзеге асыру тәртібі

1. Жабайы өсетін өсімдіктерді күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы бақылау субъектілері (объектілері) тексеруге жатады. 

2. Бақылау органының лауазымды адамы бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруді, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жабайы өсетін өсімдіктерді санкцияланбаған алып қоюды бақылауды жүзеге асырады. 

Бақылау органының лауазымды адамы мерзімдік тексеру жүргізілгенге дейін бақылау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын басталу күнін көрсете отырып, қызметтің талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталатыны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. 

3. Тексеру үшін келген бақылау органының лауазымды адамы бақылау субъектісіне: 

1) тексеруді тағайындау туралы актіні; 

2) сәйкестендіру картасын; 

3) қажет болған кезде құзыретті органның режимді объектілерге баруға арналған рұқсатын көрсетуге міндетті. 

4. Тексеруді тағайындау туралы актіде: 

1) актінің күні мен нөмірі; 

2) бақылау органының атауы; 

3) тексеру жүргізуге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

4) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер (олар болған кезде); 

5) тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі; 

6) тағайындалған тексерудің түрі; 

7) тексеру жүргізу мерзімі; 

8) тексеру жүргізу негіздері, оның ішінде міндетті талаптары тексеруге жататын нормативтік құқықтық актілер; 

9) тексерілетін кезең; 

10) бақылау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен міндеттері; 

11) актілерге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы; 

12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі. 

5. Бақылау субъектісіне не оның уәкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы деп есептеледі. 

Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған бақылау органының тексеруді тіркеу журналында тіркеледі. 

6. Тексеруді жүргізу мерзімі алдағы жұмыстардың көлемі, қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және бес жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

7. Тексеру жүргізу мерзімін бақылау органының басшысы не оны алмастыратын адам сараптамалар жүргізу қажет болған жағдайда ғана бір рет қана ұзарта алады.  

Тексеруді ұзарту мерзімі сараптама нәтижелері алынған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауға тиіс. 

8. Тексеру жүргізу мерзімін ұзарту тексеруді ұзарту туралы актімен ресімделеді. 

Тексеруді ұзарту туралы актіде тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзартудың себебі көрсетіледі. 

9. Бақылау субъектісінің не оның уәкілетті адамының тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартуы не тексеру жүргізу үшін қажетті материалдар мен мәліметтерді ұсынбауы бақылау органының лауазымды адамының бақылау объектілеріне қол жеткізуіне кедергі болып табылмайды. 

10. Бақылау органының лауазымды адамдары жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша: 

1) тексеру нәтижелері туралы акт; 

2) бұзушылықтар анықталған жағдайларда анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды. 

11. Тексеру нәтижелері туралы актіде: 

1) актінің нөмірі, жасалған күні, уақыты және орны; 

2) бақылау органының атауы; 

3) тексеру жүргізуге негіз болған тексеруді тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі; 

4) тексеру жүргізген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

5) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мәліметтер; 

6) тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның орналасқан жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілердің тізбесі, аумақтың учаскесі; 

7) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі; 

8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәліметтер; 

9) бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның) тексеру нәтижелері туралы актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы, сондай-ақ жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша ескертулердің және (немесе) қарсылықтардың бар-жоғы туралы белгі; 

10) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі. 

Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жүргізіледі. 

12. Бұзушылықтар анықталған жағдайда тексеру нәтижелері туралы актіге анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама қоса беріледі. 

13. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада: 

1) нұсқаманың жасалған күні, уақыты және орны; 

2) бақылау органының атауы; 

3) тексеру жүргізген лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы; 

4) тексеру жүргізу тағайындалған бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы; 

5) тексерудің жүргізілген күні, орны және кезеңі; 

6) Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі; 

7) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері; 

8) бақылау субъектісі өкілінің (заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның), сондай-ақ тексеру кезінде қатысқан адамдардың нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы; 

9) тексеру жүргізген лауазымды адамның қолтаңбасы көрсетіледі. 

14. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне ықпал ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап кемінде күнтізбелік он күнді құрайды. 

Қосымша уақыт және (немесе) қаржылық шығындар қажет болған жағдайда бақылау субъектісі өзіне тексеру нәтижелері туралы акт пен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеру жүргізген бақылау органына жүгінуге құқылы. 

Өтініште бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шараларды және оларды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті. 

Тексеру жүргізген бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште баяндалған дәлелдерді ескере отырып, өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

15. Тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама екі данада жасалады. 

Бақылау органы тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші данасын танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану және басқа да іс-қимылдар үшін бақылау субъектісіне (заңды тұлғаның басшысына не оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға) қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда табыс етеді, екінші данасы бақылау органында қалады. 

Электрондық нысанда қалыптастырылған тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектісі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына жіберіледі. 

16. Тексеру нәтижелері бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкілдері ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды. 

Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл жөнінде тиісті белгі жасалады. 

17. Бақылау субъектісіне тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде (болған кезде тексеруді ұзарту туралы актіде) көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей табыс етілген күн тексеру мерзімінің аяқталуы деп есептеледі. 

18. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткен соң бақылау субъектісі осы нұсқамада белгіленген мерзім ішінде тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. 

19. Бақылау субъектісі тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген жағдайда тексеру жүргізген бақылау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне нұсқаманың орындалуы туралы ақпаратты беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді. 

20. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда бақылау субъектісі тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті. 

Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды (қажет болған кезде) қоса береді. 

21. Бақылау органының лауазымды адамы Қазақстан Республикасының бекітіп берілген аумақтарында патрульдеуді жүзеге асыру кезінде жабайы өсетін өсімдіктерді санкцияланбаған алып қоюды анықтаған жағдайда, егер залалдың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерін құраса не одан асып түссе, материалдарды дереу құқық қорғау органдарына береді немесе егер залалдың мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аз болса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады. 

Осы баптың 1 – 20-тармақтарының ережелері осы тармақта көзделген жағдайларға қолданылмайды. 

22. Тексеру қорытындысына бақылау субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады. 

Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексерудің жарамсыздығына байланысты тексеру нәтижелері туралы актінің күшін жою, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы бақылау субъектісінің өтінішін қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 

Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексеру нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін жою үшін негіз болып табылады.  

Жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт пен тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің белгіленген талаптарды бұзуының дәлелдемесі болып табылмайды.
Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...58

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться