Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
29-бап. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор

Ескерту. 29-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Мақта саласындағы мемлекеттік инспектор өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде: 

1) осы Заңның 9-бабына сәйкес мақтаның қауіпсіздігін және сапасын тексеруді жүзеге асыруға; 

2) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 

2. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тиісті лауазымдарына "мақта саласындағы мемлекеттік инспектор" деген қосымша арнаулы атау беруге құқылы. 

Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
30-бап. Мақта дайындау және мақта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары 

Инспекциялау (тексеру) нәтижелері бойынша мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымының қызметінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы: 

1) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасының анықталған бұзушылықтарын нұсқамада белгіленген мерзімдерде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша нұсқамалар беру; 

2) осы Заңның 32-бабында көзделген негіздер бойынша сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу туралы арыз беру; 

3) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органында жазбаша нұсқамасы жіберілген мақта дайындау немесе мақта өңдеу ұйымы оған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы. 

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
31-бап. Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру 

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-тарау. МАҚТА ӨҢДЕУ ҰЙЫМЫН УАҚЫТША БАСҚАРУ

Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...42

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться