Ст. 69 Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы № 176-V ҚРЗ
Оңалту және банкроттық туралы
69-бап. Оңалту рәсімінде борышкерді басқару
1. Оңалту рәсімінде борышкерді басқаруды кредиторлар жиналысының шешімі бойынша :
1) борышкер – дара кәсіпкер не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген орган немесе тұлға;
2) оңалтуды басқарушы жүзеге асыруға құқылы.
Осы Заңның мақсаттары үшін дара кәсіпкерді оңалту рәсімінде борышкерді басқару деп оның істерін және мүлкін басқару түсініледі.
2. Егер кредиторлардың алғашқы жиналысында борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаға жүктеу туралы шешім қабылданса, онда кредиторлардың алғашқы жиналысы хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізіліміне енгізілген тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдайды.
Оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдаған кезде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды кредиторлар жиналысы осындай тұлғалардың кәсіптік бірлестіктерінен алуы мүмкін.
Кредиторлардың алғашқы жиналысы оңалтуды басқарушы сайланған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға оның кандидатурасы ұсынылғанға дейін мұндай оңалтуды басқарушыны хабардар етуге міндетті.
Уақытша әкімші осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кредиторлар жиналысының хаттамасын ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган кредиторлар жиналысының хаттамасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысы таңдаған кандидатураны оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға міндетті.
Уәкілетті орган кандидатураны осы Заңның 12-бабы 5-тармағының бірінші бөлігі негізінде оңалтуды басқарушы етіп тағайындауға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған кезде уәкілетті орган анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кредиторлар жиналысына оңалтуды басқарушының кандидатурасын тағайындаудан уәжді бас тартуды не осы Заңның 12-бабы 8-тармағының 3) тармақшасы негізінде әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінен оңалтуды басқарушының хабарламасын алып тастау туралы хабар жіберуге міндетті.
Уәкілетті орган ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан кезде кредиторлар жиналысы оңалтуды басқарушы етіп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынуға міндетті.
3. Оңалту рәсімі барысында кредиторлар жиналысы борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді жүктеу туралы шешімді:
1) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді оңалтуды басқарушыға жүктей отырып, борышкер – дара кәсіпкерді не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органды немесе тұлғаны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету;
2) борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктей отырып, оңалтуды басқарушыны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету жолымен бір рет өзгертуге құқылы.
Кредиторлар жиналысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған кезде кредиторлар жиналысы осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауды жүзеге асырады.
Кредиторлар комитеті осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға кредиторлар жиналысының хаттамасын ұсынуға міндетті.
4. Кредиторлар жиналысының күн тәртібіне борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктерді борышкер – дара кәсіпкерге не борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктей отырып, оңалтуды басқарушыны мұндай өкілеттіктерді орындаудан шеттету туралы мәселе енгізілген кезде кредиторлар комитеті кредиторлар жиналысы өткізілгенге дейін он жұмыс күні бұрын борышкер – дара кәсіпкерді, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесін (ол уәкілеттік берген органды), құрылтайшысын (қатысушысын) осындай мәселенің қаралатыны туралы хабардар етеді.
Кредиторлар жиналысы осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген шешімді қабылдаған жағдайда, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган) немесе құрылтайшысы (қатысушысы) кредиторлар жиналысының отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттіктер жүктелген орган немесе тұлға туралы құжаттарды ұсынуға міндетті.
Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Коллекторлық қызмет туралы 6-1-бап. Коллекторлық агенттік берешек құқығын (талапты) басқаға беру нәтижесінде туындаған өзінің кредитор құқықтарын іске асырған кезде оның берешекті реттеу ерекшеліктері Оңалту және банкроттық туралы 56-бап. Борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiм Оңалту және банкроттық туралы 25-бап. Кредиторлар жиналысын өткізу туралы ақпараттық хабарРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей